Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 апта бұрын)
М. Әуезов "Ақын қонақтар"
М. Әуезов "Ақын қонақтар"
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)
Мұхтар Әуезовтың өмірімен танысады. «Ақын қонақтар» әңгімесін оқиды, талдайды, мазмұнын ашады.
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар:
Өз ойын жеткізеді, қорытынды жасай алады, сын тұрғысынан ойлауға дағдыланады, салыстырады.
Оқушылардың басым бөлігі:
Сұрақтарға жауап береді, бірлесіп жұмыс жасайды.
Кейбір оқушылар:
Өздігінен оқу дағдыларын қалыптастырады, талқылайды, шешім қабылдайды.

Басталуы 4 минут
АКТ, СТО
1. Психологиялық дайындық. Сәлемдесу. Оқушылар сыныптың ішін аралап жүріп бір - бірімен әр тілде амандасады.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
3. Түрлі түсті асықтар бойынша топқа бөлу.

Ортасы

Білу 5 минут
ОмОЖТ, СТО, ОЖЕСО
Топтастыру «Мұхтар Әуезов» туралы білетіндерін жазады.
http://www. bilimland. kz сайтының Видеожинақ бөліміндегі "Әйгілі есімдер" бөлімінің ішінен Мұхтар Әуезов туралы видео көреді.

Түсіну 10 минут
ОмОЖТ, СТО, ОЖЕСО
"Мозаикалық оқу" әдісі. Мәтінді 3 бөлікке бөліп оқиды. Оқушылар өздерінің бөліктерін бір - біріне түсіндіреді.
Бағалау: Бағдаршам

Павлодар облысы, Ақсу қаласы
Сарышығанақ орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Сарсенова Асель Алпысқызы

М. Әуезов "Ақын қонақтар" жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама