Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Қыс қызығы
Білім беру саласы: Қатынас, шығармашылық.
Бөлімі: Тіл дамыту, сурет салу.
Тақырыбы: «Қыс қызығы»
Мақсаты: Шығармашылықты әңгіме құрастыруды жетілдіру.
1) Картинадан нақты нысананы бөліп алуды және оған ат қоя білуді, жұмбақ мазмұнын аша білуге үйрету.
2) Монолог тілін дамыту; бөлініп алынған нысандарды сызба арқылы қосуды, олар жайында шығармашылықты әңгіме құрастыру дағдыларын қалыптастыру. Тіл байлықтарын кеңейту: қыс қатты, аязды, қар сықырлайды, жылтыр, тайғақ.
Зейіндерін, естерін, байқағыштықтарын, шығармашылықтарын, қиялдарын дамыту.
3) Достыққа, бір - бірін тыңдауға, мейірімділікке тәрбиелеу.
Технология: ТРИЗ
Құралдар: «Қысқы ойындар»картинасы, нысандардың үлгілері, мольберт, сиқыр
лы таяқша, сиқыршылардың суреттері, «сиқырлы» фломастер.
Сөздік жұмыс: аязды, сықырлайды, боран, тайғақ, жылтыр.
Билингвальды компонент: қыс қатты – железная зима, аязды – морозная, қар
сықырлайды – скрепучий снег, жылтыр – блестящий, тайғақ – скользкий.
Алдын - ала жасалатын жұмыс:
1. Табиғат құбылыстарын бақылау.
2. Қыс мезгілі, қысқы ойындар туралы иллюстрацияларды қарастыру.
3. А. Құнанбаевтың «Қыс», Н. Жанаевтың «Қыста»өлеңдерін, орыс халық ертегілерін «Екі аяз», «Аяз» оқып беру.
4. «Қыс келді» атты тақырыпқа әңгімелесу.
5. Қыс туралы жұмбақтар, мақалдар оқу.
6. «Біз қыста қалай ойнаймыз?» атты тақырыпқа өз тәжірибелерінен әңгіме құрау.
Мотивац.
қозғаушы. Шаттық шеңбері:
- Сәлем Күн!
- Сәлем Жел!
- Сәлем Жер!
- Сәлем саған туған ел!
- Балалар, бүгін біз не туралы әңгімелейтінімізді
жұмбақ шешу арқылы білетін боламыз.
Жұмбақ:
Шанамен зырлап желетін,
Шаңғы, коньки тебетін.
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?

Ұйымдастыру.
ізденістік - Дұрыс, қыс мезгілі. Қалай ойлайсыңдар, неге «қыстың қамын жаз ойла», «мұрныңды аяздан сақта» деп айтады?
- Балалар, айтыңдаршы қыста қандай өзгерістер болады?

- Қыс қандай болады?

- Сонымен қатар, қыс мезгілі балалардың сүйікті қысқы ойындарының мезгілі. Қандай қысқы ойын түрлерін білесіңдер?

- Қыста сендер әртүрлі ойындар ойнайсыңдар. Бүгін мен сендерге «Қыс қызығы» атты картина арқылы әңгіме құруды ұсынамын.
- Суретте қандай жыл мезгілі бейнеленген?
- Оны қайдан білдіңдер?
- Тағы қайдан?

- Ауа - райы қандай?

Ойын «Дүрбі»
- Қолымызға дүрбімізді алып картинаны зерттейміз.
Бізге досымыз «Бәрін бөл»сиқыршысы көмектеседі.
(«Бәрін бөл» сиқыршысының суретін іледі.)
- Ол нысандарды бөлуді талап етеді. Жақсылап қараңдар, суретте кімдер, нелер бейнеленген?
- Кәне кім қандай нысанды бөліп алады?

- Суретте үлкен адамдар не істеп жүр?
- Балалар не істеп жүр?
- Олар қалай киінген?
- Суретші суреттегі адамдардың көңіл - күйлерін қалай суреттеген?

Сергіту сәті: «Аққала»
Қар жауғанда топ бала,
Соқтық келіп аққала.
Мұрны сәбіз, үп - үшкір,
Көзі көмір қап - қара.
Көне шелек басында,
Сыпырғышы қолында.
Мұзайдынды аршуға,
Келгендей - ақ ол мұнда.

Ойын «Дос іздеймін»
(«Бәрін қос» сиқыршысының суретін іледі.)
- Енді бізге «Бәрін қос»сиқыршысы келді, ол нысан дарды бір - бірлерімен қосып, дос іздеуді сұрайды.
(бала - шана, балалар - аққала, бала - коньки, үлкендер - шаңғы, қар - ағаш т. б.)

- Балалар, келесі сиқыршыларымыз бізді сиқырлы саяхатқа шақырады, барамыз ба?
- Сиқыршылардың аттары: «Бәрін естимін», «Бәрін қолыммен сипаймын».(суреттерін іледі)
- Бұл сиқыршылар бізді картинаға енуімізді сұрайды,
көзімізді жұмып сиқырлы кілемге отырып ұшайық.
Ойын: «Картинаға ену».
(шығармашылық тапсырмалар беріледі)
- Не естіп тұрсыңдар?
- Не сезіп тұрсыңдар?

Сергіту сәті:
Боран гулеп соғады,
Айналаны орады.
Баста – тымақ,
Үстінде – тон.
Қайсар қалай тоңады?

Аяғында – саптама,
Өзіне дәл, шақ қана.
Қолда – қамшы, астында – ат.
Мақта, мейлі
Мақтама.
Қайсар бейне атамдай,
Қой қайырған шопандай.

- Балалар, картинадан шығып топқа қайтатын уақыт келді. Барлығымыз көзімізді жұмып сиқыршыларды бізді қайтарсын деп өтінейік.(топқа оралу)
- Балалар, бізге тағы бір сиқыршы қонаққа келіпті, оның аты «Уақыт көлігімен» екен.
- Бұл сиқыршы суреттегі бір кейіпкерді таңдап, сол кейіпкердің атынан осында келмес бұрын не болды, содан кейін не болатыны жайлы әңгімелеуді сұрайды. Әңгімелеріңе ат қойыңдар. Әңгімені қалай бастайтындарыңды, оны қалай жалғастыратындарыңды, не мен аяқталатынын анықтап алыңдар. Бір – бірлеріңнің сөздеріңді қайталамауға тырысыңдар.

Қыс қызығы жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама