Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Өлшемдерді орындау әдістемелері
«Метрология, стандарттау және сертификаттау»
Сабақ тақырыбы: «Өлшемдерді орындау әдістемелері»
Сабақ түрі: аралас
Сабақты әдісі: репродуктивті, түсіндірмелі.
Пәнаралық байланыс: Физика, Стандарттау және сертификаттау негіздері, Сызу.
Сабақтың мақсаты
Білімділік: Білімгерлерге теориялық және тәжірибелік мәлімет беру, өлшеу түрлерін және өлшемдерді орындау әдістерін түсіндіру.
Дамытушылық: Білімгерлердің өз ойын жеткізу қабілетін, теория жүзінде алған білімдерін тәжірибе кезінде пайдалану қаблетін дамыту
Тәрбиелік: Білімгерлердің теория жүзінде алған білімдерін тәжірибе кезінде пайдалану қаблетін дамыту.

Сабақты жүргізу кезеңдері

I. Ұйымдастыру кезеңі
- Білімгерлермен сәлемдесу
- Білімгерлердің сабаққа келуін тексеру
- Білімгерлердің сабаққа дайындығын тексеру
Топқа бөлу
- төрт топқа бөлу, түстер бойынша (қызыл, жасыл, көк, сары).
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Сабақтың мақсаты, өлшеу түрлерін және өлшемдерді орындау әдістерін оқып үйрену.
- топты ережесімен таныстыру.

Мотивациялық кезең
Мысалы:
- Адамның өмірінде өлшем қандай орын алады?
- Өте маңызды орын алады.
- Ғылымның бастамасы не?
- Өлшем.
- Өлшеудің әдістерін білу бізге маңызды ма?
- Әрине.
Ендеше, бүгінгі сабағымыз осы өлшемдерді орындау әдістеріне қатысты болғандықтан, болашақта көп көмегі тиеді деп ойлаймын.

II. Өткен тақырыпты қайталау
Тест сұрақтары
1 - нұсқа
1. Метрологияның ережелері бойынша өлшеу құралдары қандай екі түрге бөлінеді?
А) Жұмысшы және эталон
Б) Негізгі және қосымша.
В) Дәл және дәл емес
Г) Физикалық және физикалық емес

2. Салыстыру аспаптары қандай жағдайларда қолданылады?
А) Өлшенетін шаманы мәні белгілі шамалармен салыстыруға.
Б) Нольмен салыстыру
В) Тұрақты санмен салыстыру
Г) Қолданылмайды

3. Метрология дегеніміз не?
А) Өлшемдер туралы, олардың бірлігімен талап етілетін дәлдігін қамтамасыз ететін әдістер мен құралдар туралы ғылым.
Б) Өлшеу құралдары жүйесінде
В) Өлшеніп отырған физикалық шаманы оның бірлігімен өлшеу ұстанымына сәйкес салыстыру әдісі немесе әдістер жиынтығы
Г) Өлшенетін шама белгілі мәні бар, өлшенетін шама мәнінен айырмашылығы болмашы біртекті шамамен салыстырылатын және осы екі шама арасындағы айырмашылық өлшенетін өлшеу әдісі.

4. Өлшеу құралдары дегеніміз не?
А) Шама бірлігін іс жүзінде өлшейтін нормаланған қателіктері бар құрал.
Б) Шамаларды біріктіретін құрал
В) Белгілі бір жүйеге келтіру құралы
Г) Белгілі бір нормаға келтіру құралы

5. Өлшеуіш аспаптар қандай мақсатта қолданылады?
А) Өлшеуіш ақпараттарды алуға, пайдалануға, қабылдауға.
Б) Өлшенген ақпараттарды таратуға
В) Өлшемді өзгерту.
Г) Түрлендіруде.

6. Салмақты өлшеудің қандай техникалық құралдары бар?
А) Өрескел өлшеуіш, техникалық таразы, аналитикалық таразы, метрологиялық таразы, торзионды таразы.
Б) Термометрлер
В) Вольтметрлер
Г) Амперметр

2 - нұсқа
1. Өлшемнің нақты және номиналды мәні дегеніміз не?
А) Өлшемнің қателігі.
Б) Өлшеу дәлділігі
В) Өлшеу ерекшелігі
Г) Өлшеу шегі

2. Өлшем деп нені айтады?
А) Берілген мөлшердегі физикалық шаманы жаңғырту (сақтау) үшін қолданылатын құрал.
Б) Өлшенетін шамалардың көрсеткіштері.
В) Белгілі көрсетілген шаманың жиыны.
Г) Кез келген өлшенетін шама.

3. Электр тогының негізгі параметрлерін өлшеуде қандай аспаптар қолданылады?
А) Вольтметр, амперметр, омметр, частотомер.
Б) Термометр, гигрометр, ареометр.
В) Метр, сызғыш, циркуль.
Г) Барлық жауап дұрыс.

4) Температураны өлшеу аспаптары қайсысы?
А) Термометр
Б) Аэрометр
В) Гигрометр
Г) Сантиметр

5. Өлшемдердің метрлік жүйесі қашан енгізілген?
а) 1840 жылы Францияда.
б) 1940 жылы Ресейде.
в) 1945 жылы Қазақстанда.
Г) 1845 жылы АҚШ та.

6. Сапаны өлшеуге арналған метрологияның саласы қалай аталады?
А) Квалиметрия.
Б) Симметрия.
В) Сантиметрия.
Г) Геометрия.

Алматы облысы, Талдықорған қаласы,
Талдықорған политехникалық колледжі
Оқытушы: Шаяхметов Н. Н.
Әдіскер: Жанысбекова Г. А.

Өлшемдерді орындау әдістемелері жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама