Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Менің анашым – ең тамаша жан!
Менің анашым – ең тамаша жан!

Ана дүниедегі әрбір адамның жанына ең жақын адам. Жарық дүниеге әкеліп, ақ сүтімен нәр береді. Ақылымыз толысқанша әлпештеп, мәпелеп, бар мейірімін аямайды.”Балам ешкімнен кем болмасын деп”- жұмыс істеп балаларын тамақтандырады. Балаларының тек күліп, бақытты жүргендерін қалайды.

Менің аяулы анамның аты Мақпал. Анашым дүниеге төрт бала әкелді. Сол балдардың үлкені өзім. Анашым №61 жалпы орта мектепте тәлімгер болып қызмет атқарады. Бүкіл мектептегі өткізілетін іс - шараларға анам тікелей жауапты. Кей кездері анама таң қаламын, зыр жүгіріп жүріп біздің тамағымыз, сабағымызға, киімімізге, әкеміздің жай - күйінің жақсы болуына, мектептегі жұмысын да қатар алып жүруіне қалай уақыт табатынына таң қаламын. Ал үйге келетін қонақтардың жөні бір бөлек, ертелі - кеш үйімізден қонақ үзілмейді, келген қонақтардың бабын тауып тәтті тамағымен дастарханда жайнатып қоятын, үнемі күлімдеп жүретін анама дән риза болып отыратын әжем мен атам үшін біздің анамыз әлемде жоқ келін. Мен анама ұқсап өсіп, барлық жұмыстардың қыр - сырын білуді үйренудемін. Үйдің үлкені болғандықтан, көбіне анама қолғабыс жасауды өзіме алғанмын. Сол кездегі анамның жымиып,” менің көмекшім” деп маңдайымнан иіскеп, құшақтағаны қандай керемет. Сыныптастарымның да анамды үнемі мақтап қасынан шықпауы да анамның жұмысына деген адалдығы, кәсіби шеберлігі деп ойлаймын. Үнемі ізденісте жүреді. Тың, жаңа дүниелерге жаны құмар, ерекше етіп жасауды қолға алады. Жасаған жұмыстары көпшіліктің көңілінен шығып, зор қошеметке ие.
Міне менің анашым әлемдегі ең тамаша жан!.

Шымкент қаласы, Абай ауданы,
Ақтас елді мекені № 61 жалпы орта мектеп
5 сынып оқушысы Ғаппар Кәусар
Жетекшісі Серикбаева Гулдана Шырынбаевна

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама