Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Қазақ батырлары
Қазақ батырлары

Мақтанамын ерлігімен батырлардың,
Ақпан батыр Қарақозы ерлігімен.
Өлкеміздің батырларын еске алып,
Жаңғырайық батырлардың еңбегімен.

Ақпан батыр, өмір сүрді өлкемде,
Қазығұрт тау туып өскен өлкесі.
Отыз бес жыл қалмақтармен алысып,
Елі үшін арпалысып соғысқан.

Ақпан батыр, Төлебиден бата алып,
Жетпіс жаста тастамаған найзасын.
Жорықтарда жау қолынан мертігіп,
Сүйегі оның Түркістанға қойылған.

Бас иемін батырлардың рухына,
Ұмытылмас ерліктерің, ұрпақтарың барында.
Аманатты берік ұстау сеніммен,
Жерді қорғау, елді қорғау міндетім.

Шымкент қаласы, Абай ауданы,
Ақтас елді мекені № 61 жалпы орта мектеп
6 сынып оқушысы Қосдәулет Нияз
Жетекшісі Серикбаева Гулдана Шырынбаевна

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама