Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Қарттарым аман – сау жүрші
Қарттарым аман – сау жүрші

Әрбір үйде, береке бар қарт болса,
Ата - әжең ардақты жан аяла,
Қарттарымды құрметтейік қадірлеп.
Сенде бір күн қарт боларсың, ертең ақ.

Күйінемін естігенде қарт жайын,
Қарттар үйін паналаған қайғыдан,
Туған ұл - қыз керек етпей өскен соң,
Қарттар жайын ойламайды қамыққан.

Ойлады ма болжады ма боларын,
Тағдыр неге қатал етті ұл - қызын.
Кішкентайдан бағып - қағып өсірген,
Жанын қияр көз жасы үшін баланың.

Ойланайық ақылға сап ағайын,
Хақ төріңде қартың отырсын жайнаған.
Бейнетінің енді көріп зейнетін,
Немеренің иіскеп тәтті маңдайын.

Жұмақ жолы ата - ананың қасында,
Қаяу түспей, бала көңіл жандарға.
Аялайық, әлпештейік құрметтеп,
Тірісінде бағалайық бағамдап.

Шымкент қаласы, Абай ауданы,
Ақтас елді мекені № 61 жалпы орта мектеп
6 сынып оқушысы Қалдарбек Бекбол
Жетекшісі Серикбаева Гулдана Шырынбаевна

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама