Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Менің Қазақстаным
4 сынып.
Тәрбие сағаттың тақырыбы: Менің Қазақстаным
Мақсаты: Отан туралы білімдерін назарға ала отырып, Отанымыз – Қазақстан Республикасы туралы не білетіндігін саралау, алған мәліметтер бойынша білімдерін бекіту.
Міндеттері:
1) Білімділік: Балалардың Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту.
2) Дамытушылық: Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне деген сүйіспеншілігін аттыру.
3) Тәрбиелік: Оқушыларды елін, жерін сүюге, байлығын қорғауға, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.
Түрі: саяхат сабақ
Әдісі: топтық, жұптық жұмыс, сұрақ - жауап, пікірталас
Көрнекіліктері: АКТ, суреттер, плакат

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Хор: Әнұран.
- Кәне балалар Отан деген не?
- Адамның туып өскен жері, туған - туысқандары, біз тұратын атамекен.
- Балалар біздің отанымыз қалай аталады?
- Біздің - Отанымыз Қазақстан.
- Ендеше, бүгінгі тәрбие сағатымыз «Менің Қазақстаным» деп аталады және сіздермен бірге Отанымыз Қазақстан бойынша саяхат жасауға шақырамын.
(Анимация) көлік дыбысы

ІІ. Негізгі бөлім.
Оқушыларды 3 - топқа бөлу. І, ІІ, ІІІ деп, санау арқылы үш топқа бөліп, әр топты «Қазақстан» сөзімен байланыстыру.
1 - топ: Туған жер
2 - топ: Отан
3 - топ: Атамекен

ІІІ бөлім.
1. «Білімді мыңды жығар» аялдамасы. Тақырыпты ашу
2. Мемлекеттік тіліміз туралы Елбасы жолдауынан үзінді
3. «Білгенге маржан» аялдамасы.(Республикамыздың облыс орталықтарына тоқталу )
4. «Миға шабуыл» аялдамасы (топтық жұмыс, сұрақ - жауап)
5. «Ойнайық та, ойлайық» аялдамасы(Ребусті шешу арқылы постерді қорғау)
6. «Ой қозғау» аялдамасы (Республикамыз, облысымыз, ауданымызға қысқаша тоқталу)
7. «Кім біледі?» аялдамасы (Қазақстанға белгілі тұлғаларды танып, білу)
8. «Менің байлығым» аялдамасы (Ауданымыздан шығатын өнімдер туралы)
9. «Артық болмас, білгенің!» аялдамасы
10. Рефлексия

Қорытынды.
Байтақ дала жерім менің
Арта берсін даңқың сенің
Көк байрағың желбіресін
Егеменді елім менің
– дей отырып, құрметті ұстаздар мен оқушылар, осымен «Менің Қазақстаным!» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.

Дайындаған: Н.Калыбаева
Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама