Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Қазақтың ұлттық ойындары
Тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойындары

Мақсаты: Балалардың денсаулығын шынықтыра отырып, қимыл әрекеттерін жетілдіру. Ұлттық, тұрмыс, салт - дәстүрі туралы әсерлерін толықтыру. Ұрпақтан - ұрпаққа жалғастыру мақсатында қазақ халқының тіршілік әрекетіне байланысты ұлттық ойындарды ойнауға үйрету. Ұлттық ойындарға деген қызығушылықтарын арттыру, ептілікке, шапшаңдыққа, төзімділікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Ұжым мақсат әрекетіне дағдысын, назар ықыласын дамыту. Бір - біріне деген құрмет, жеңуге деген ұмтылысты дамыту. Ой - өрісін, жадын дамытып, әрекет үйлесімін жетілдіру.
Зал іші мерекеге сай безендірілген. Үйдің ішінде атай мен әжей отыр.
Атай:
- Бүгін бізге немерелеріміз келеміз деп еді. Қане, әжесі балаларға тәттілеріңді дайындап қой.
Музыка әуенімен ұлттық киім киген балалар келеді. Балалар ата мен әжеге амандасады.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме?! Біздерде бүгін ерекше күн. Біздер бүгін көңілді күнімізді Мадеш ата мен Алма әжейдің ауылында өткіземіз.
Балалар, атамыз бен әжемізге арнаған тақпақтарымызды айтайықшы. Қане, кімдер тақпақ айтқысы келеді.
Кәусар:
Ата отыр кәріміз,
Қуат берер дәріміз,
Әулиедей аялап
Ардақтаймыз бәріміз.
Бағдат:
Әжем ұйықтар алдында
Ертегі айтып береді,
Еркелеп ойнап жатқанда
Ылғи ұйықтап қаламын.
Өмірбек:
Атам бізге келіңіз
Дайын сізге төріміз
Өйістіп бізге күлімдеп
«Өс жарығым, күнім» - деп
Күнде бата беріңіз.
Нұрайна:
Әжем өрнек тереді,
Оймақ сарақ оюлап.
Басы ауыра береді,
Шай ішпесе қоюлап.

Ата мен әже үй ішіндегі заттар туралы балаларға түсінік береді. Домбыра, қамшы, сандық, қамшы туралы айтады.
Айым:
Домбырадай мұраны,
Қастерлеуге тұрады.
Сонда жатыр даланың,
Үні менен ұраны.
Рашид:
Дыбысы оның мың сырлы
Бал бұлақтай күмбірлі
Ынта қойсаң рахат - ақ
Ол аспаптың бір түрі.
Таңнұр:
Тарт күйіңді домбыра,
Төгіл, төгіл тәтті күй.
Тау суындай сылдырла,
Желпіп, желпіп жел соқтыр,
Тауда тұман тұрмасын
Көкке бұлт ыдыра
Тыңдамаған.
Жүргізуші: - Ата, әже, біздің балаларымыз қамшы туралы жақсы біледі. Тіпті ұлдарымыз сіздерге қамшымен «Батырлар» биін билеп береді.
«Батырлар» биі.
Ата:- Балалар, сендер қазақтың ұлттық ойындары туралы білесіңдер ме?
Балалар: - Иә, білеміз.
Жүргізуші:- Қане, балалар, ұлттық ойындарды атайықшы.
«Ақсерек, көксерек», «Кетті, кетті орамал», «Арқан тартыс», «Асау мәстек», «Тақия тастамақ», «Бәйге» деп балалар жауап береді. Ата:- Жарайсыңдар, балалар! Ұлттық ойынның түрлерін көп біледі екенсіңдер. Ал сол ойындарды ойнап білеміз бе?
Соқыр теке.
Балалар дөңгелене тұрады. Бір баланың көзі байланып қойылады.
Балалар:
Соқыртеке бақ - бақ,
Біз айтамыз тақпақ,
Мықты болсаң кәнекей
Бірімізді тап - тап.
Соқыртеке:
Мен текемін бақ - бақ,
Қимылдаңдар сақ - сақ,
Ал ұстадым мінекей
Шығып кетті - ау қап - қап.
Содан кейін Соқыртеке (баланың көзі байлаулы) балаларды қуалайды немесе балалар оның жанына келіп түртіп қашады. Соқыр теке ұстап алған баланың көзі байланады да ол «Соқыр теке» ролін атқарады. Ойын осылай жалғаса береді.
Әуен ойналып ішке Алдар көсе келеді.
Алдар көсе балалармен амандасады.
Алдар көсе: - Балалар, сендер не ойнап жатырсыңдар?
Балалар:- Ұлттық ойындар,- деп жауап береді.
Алдар көсе: - Жарайды, балалар! Олай болса сендер, «Арқан тарту» ойынын білесіңдер ме? ойнатады.
Арқан тарту.
Бұл екі топқа бөлінген балалармен немесе екі баламен ойналады. Арқанның екі жағынан екі бала немесе екі топқа бөлінген балалар тартысады. Қай топ арқанды өз жағына тартып, алып келсе сол топ жеңіске жетеді. Екі бала тартысқанда қай бала өзіне қарай арқанды тартып екінші баланы құлатса, құламаған бала жеңіске жетеді.
Жүргізуші: - Алдар көсе, сен біздің балалармен бірге көңіліңді көтер. Балалармен ойын ойнап, ән салып бірге бол.
Өлең: «Жақсы көрем».
Жүргізуші: - Біздің қыздарымызда ойындарды өте жақсы ойнайды.
Сақина салу
Ойынға қатысушылар шеңбер бойынша қатарға отырады. Алақандарын бір - біріне қысып, қолдарын алдында, тізе үстінде ұстайды. Жүргізуші шеңбер ортасында тұрып, өз алақандар арасында сақинаны салып, өз алақандарымен сақинаны олардың алақандарын ашып салған сияқты боп, солай бүкіл қатысушыларды өтеді. Сақинаны біреуге салып, ол бірнеше қадамға артқа қарай кетіп:
«Сақинам менің жоғалды,
Жоғалғанда кім алды?
Бір, екі, үш
Сақинам менің ұш!»,- дейді. Сол уақытта қолына сақина түскен қыз бала ортаға жүгіріп шығуы керек. Екі жанында тұрған көршісі байқаса ұстап қалуы керек. Ұстап қалған қыз бала ойынды әрі қарай жалғастыра береді.
Алдар көсе: - Ой, қандай тамаша ойын болды!
Менімен тағы да ойын ойнағыларың келе ме?
«Теңге алу» ойыны ойналады.
Алдар көсе: - Рахмет, балалар, сендерге! Менің көңілім көтеріліп қалды.
Ата: - Қандай білімді, шапшаң балаларсыңдар! Әрқашан дендерің сау болсын!
Әже: - Балалар келіп біздің көңілімізді көтеріп салды. Ұлттық ойындарды өте жақсы ойнайды екенсіңдер. Ақылды, білімді балалар екенсіңдер. Бұл менің тәттілерім.
Балаларға тәтті кәмпиттер береді.

Жүргізуші:
Ұрпақ керек ертеңгі алда,
Болашақты болжайтын.
Дені таза, тәні таза, Ұлтын, салтын қорғайтын.
Балалар әуенмен залдан шығып кетеді.

Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
№33 «Көркемай» балабақшасы
Дене тәрбиесінің нұсқаушысы
Тлегенова Данагул Шамшиденовна
Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама