Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің барысы, жеңілу себептері, тарихи маңызы
Қазақстан тарихы 8 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің барысы, жеңілу себептері, тарихи маңызы
Сабақтың мақсаты:
Сабақтың міндеттері
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт – азаттық қозғалыстың мән мағынасын жете түсінеді, көтерілістің сәтсіздікке ұшырау себептерін және көтерілістің барысын анықтау.

1. К. Қасымұлы бастаған көтерілісін зерттеу нәтижесінде - Қырғыз манаптарымен және Қоқанмен шайқасқан көтерілісшілердің әскери қимылдарына баға береді.
2. Оқушылар өздігімен жұмыс жасай отырып, осы қозғалыстың қазақ елінің ішкі қайшылықтарының патша өкіметінің отаршыл саясатына байланыстылығын көрсете отырып, өз позициясын берік ұстануға үйренеді.
- Көтерілістің барысын жеңілу себептерін талдай отырып, карта арқылы түсінеді, салыстыра біледі, өз пікірін дәлелдермен тұжырымдай біледі. шығармашылық белсенділіктерін дамытады.
Күтілетін нәтиже: Жеке, жұппен, жұмыс істеуге үйренеді.
Тақырыпты бірін – бірі оқыту арқылы меңгереді.
Кенесары Қасымұлының елді басқарудағы жағымды қасиеттерін біледі.
Оқушылар ойларын еркін айтады, өзін – өзі бағалайды
Табыстылық критерийлері: 1837 – 1847 жылдары Кенесары бастаған ұлт - азаттық қозғалыс тақырыбын қорытындылай келіп, “ұлт - азаттық қозғалыс”, “тәуелсіздік” ұғымдарына талдау жасауды үйренеді.
Халқының бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен Кенесарыдай батырдың ерлігін дәріптей отырып, жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін, өз көзқарасын дәлелдей алады.
Билік құрған ханның саяси оқиғаларының себептерін анықтайды, ішкі сыртқы саясатындағы айырмашылықтарын зерттейді.
Қолданылған модульдер: АКТ, Сын тұрғыдан ойлауға үйрету, Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, диалогтық оқыту. Оқытуды басқару және көшбасшылық, Оқыту үшін оқуды бағалау.
Сабақтың көрнекілігі: Таныстырылым суреттері, кестелер. Кенесары ханның сурет,, «Кенесары Қасымұлының бейне баяны» кестелер, стикерлер, бағалау парақтары.
Әдіс - тәсілдер: СТО стратегиясы: Қызығушылықты ояту – (елестету),
Мағынаны тану: жеке жұппен жұмыс, таратпа жұмыс - (қолдану, зерттеу, суреттеу) Кубизм стратегиясы,
Ой қозғау: алған ақпаратты топтастыру, жинақтау - (талдау) Кубизм стратегиясы, Ақылдының алты қалпағы,
Рефлексия; Бес жолды өлең, Білім кемесі

Сабақ жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі: мақсат қою, жұпқа бөлу.
ІІ. Сабақ барысы. СТО - дың 3 фазасы.
1. Қызығушылығын ояту
2. Мағынаны тану
3. Ой толғаныс.

Психологиялық тренинг өткізіп, жұптарға бөлінеді
Оқушыларды сабаққа икемдеу.
Бағалау критерийлері
3 - 7 3
8 - 10 - 4
10 - 15 - 5
Адам меңгермейтін білім бар ма?
Жойқын істі тындырар күшің бар да.
Оқы, үйрен, жас ұрпақ бәрін меңгер,
Алға қойған мақсатың ісің бар да!

 Үй тапсырмасы
1. Қызығушылығын ояту:
Хан болды Кенесары Орта жүзге,
Жайылды әруағы өзге жүзге.
Хакім боп, жеті жұрттан иығы асты,
Жарамас шөп салуға басқан ізге
Бұл өлең жолдарында кім туралы айтылған?
Кенесары хан туралы
Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болмақ?
Кенесары Қасымұлы
Топтастыру стратегиясы Кенесары Қасымұлы кім.
Кенесары Қасымұлы – саясатшы, мәмілегер, батыр, ұлт – азаттық қозғалысының қолбасшысы, Абылай ханның ісін жалғастырушы, ең соңғы хан.

Тарих пәнінің мұғалімі: Шынжарбекова Динагуль Кемелбекқызы
Толық нұсқасын жүктеу
Слайдын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама