Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Мұнай, мұнайға серік газдар, құрамы.
Тақырыбы: Мұнай, мұнайға серік газдар, құрамы, мұнайды өнеркәсіпте өңдеу, фракциялық айдау, термиялық және каталитикалық крекингілеу, мұнай өнімдерін риформингілеу жəне ароматтандыру.

Сабақтың мақсаты:
● Білімділік: Мұнайдың құрамы және қасиеттерімен, оны өңдеу арқылы алынатын өнімдермен таныстыру. Мұнайды өңдеуге және өндіруге байланысты туындайтын экологиялық проблемаларға, бүгінгі таңдағы дүниежүзілік мұхит суларының мұнай қалдықтарымен ластануы жайындағы алаңдаушылықтың себебіне тоқталу.
● Дамытушылық: Оқушының білімді, жан – жақты тәрбиеленген, тіл байлығын, ой - өрісін дамыту.
● Тәрбиелік: экологиялық, экономикалық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді игерту сабағы
Сабақтың өту әдісі: Түсіндірмелі сұрақ – жауап, ой толғаныс, рольдік ойындар.
Сабақтың көрнекіліктері: Мұнай, Мұнай өңдейтін қондырғының құрылыс сызбанұсқасы, “Мұнайдан алынатын өнімдер” жинақтамасы, Қазақстан Республикасының пайдалы кен орындарының картасы, суреттер, кестелер.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
“Дағдарыстан - дамуға” іскерлік ойыны
ІІІ. Жаңа сабақ
Мұнай өңдеу және қоршаған ортаны қорғау / Рольдік ойындар/
ІV. Қорытынды
V. Бекіту
VІ. Үйге тапсырма

“Дағдарыстан - дамуға” іскерлік ойыны
(Бұл ойында оқушылар химиялық ыдыстар шығаратын өнеркәсіптің өнімдерін тұтыну үшін, артына жазылған тапсырмаларды орындау керек. Сонда өнеркәсіптің оркендеуіне жол ашылады)

Сұрақтары:
1. Органикалық химия нені зерттейді?
2. Көмірсутектердің табиғи көздері қандай?
3. Табиғат және мұнайға ілеспе газдардың бір – бірінен негізгі айырмашылығы?
4. Табиғи газдың құрамы? Қолданылуы.
5. Тас көмірдің химиялық құрамы қандай?
6. Кокстеу дегеніміз қандай процесс? Кокс газының құрамы қандай?
7. Тас көмірді өңдеу арқылы алынатын өнімдер? Қолданылуы.
8. Құрамында 98% метан бар 1 м3 газды жағуға оттектің қандай көлемі жұмсалады.

Жаңа сабақ жоспары
1. Мұнайдың ашылу тарихы (оқушы тарихшы)
2. Әдеби тұрғыдан сипаттау (оқушы әдебиетші)
3. Мұнайға химиялық сипаттама беру (химик мұғалім)
4. Мұнай өнімдерінің қолданылуын әдеби тұрғыдан сипаттау (оқушы әдебиетші)
5. Мұнай тасымалданатын өлкелерді картадан көрсету (оқушы географ)
6. Мұнайды өндіру мен өңдеуден туындайтын экологиялық зардаптар (оқушы эколог)
8. Қорытынды

Ашылу тарихы
Мұнайды ең алғаш рет ертеде шығыс халқы пайдаланған. Ең алғаш болып мұнайды кәдеге жаратқан Тигр мен Ефрат өзенінің бойын мекендеген шумария мемлекеті. Ал, 2800 – 3500 жыл бұрын Суза қаласының маңынан табылған көне құмыра ыдыстардан мұнай жұғындылары табылған, сол деректерге сүйенсек Иран халқы мұнайды сол кезде тауып, пайдаланған.
Нефтіні білгің келеме?
Т. Жароков
Нефті – жердің бұлағы,
Нефті - жердің құнары,
Нефті - өмірдің шырағы,
Нефті – қайран қалдырған,
Нефті деген немене?
Нефті күшті – тасқын күш.
Нефті - өмірді жайнатқан,
Нефті күшті – асқын күш.
Табиғи көмірсутектердің ішіндегі ең маңыздысы – мұнай.
Мұнай – теңіз хайуандары мен өсімдіктерінің баяу ыдырауының нәтижесінді түзілген.
Мұнай - қара қоңыр түсті өзіне тән иісі бар май тәрізді.
Мұнайдың құрамы: парафиндер, циклопарафиндер, минералды тұздар, металдар, ароматты көмірсутектер, су.
Мұнай өңдеу – оның құрамындағы көмірсутектердің қайнау температурасына сәйкес булануына негізделген.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама