Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Мұқағали Мақатаевтың «Барлығы да сендердікі» өлеңі
ОҚО, Созақ ауданы,
«Шолаққорған» жалпы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Өтепов Талғат Рәзімханұлы

Әдебиет 5 сынып
Сабақ тақырыбы: М. Мақатаевтың «Барлығы да сендердікі» өлеңі
Мақсаты: өлеңнің мазмұнын, тақырыбы мен идеясын түсіну, құрылысын талдау.
Оқып - үйренудің нәтижесі: өлеңнің мазмұнын біледі, тақырыбы мен идеясын ашады, өлең құрылысын талдайды.
Әдіс - тәсілдер: мәнерлеп оқу, сұрақ - жауап, «Автор орындығы», өзін - өзі бағалау,
«Ойлан. Жұптас. Бөліс.», «Екі жұлдыз, бір тілек» өзара бағалауы, кері байланыс.
Мұғалімнің іс - әрекеті
Қызығушылықты ояту» кезеңі
1. Сыныпты ұйымдастыру. Оқушыларды түгелдеу. «Біздің сынып» тақырыбындағы слайдты көрсету. 4 мин
2. Үй тапсырмасын сұрау:

М. Мақатаевтың «Фантазия» өлеңін жатқа айту. 5 мин.
3. Сұрақтар арқылы өткен сабақты бекіту: Ақын ертегідегі қиял мен бүгінгі шындықты қалай байланыстырған? Өздерің бұрын оқыған қиял - ғажайып ертегілердегі қиял мен шындықтың арасында байланыс бар ма? 2 мин

4. «Автор орындығына» оқушыларды шақыру. 3 мин.

3. Ортаға шығарып, стикерлерді тарату арқылы 4 топқа бөлу: «Заман», «Өмір», «Қазына», «Мұра» 2 мин.
«Мағынаны ажырату» кезеңі
Жаңа сабақ тақырыбы таныстырылады: Бүгінгі сабақтың тақырыбы – М. Мақатаевтың «Барлығы да сендердікі» өлеңі. 1 мин
І тапсырма. Аудиожазбадан М. Мақатаевтың «Барлығы да сендердікі» өлеңін тыңдату. 2 мин.
ІІ тапсырма Тапсырмалар слайдтан көрсетіледі: «Ойлан. Жұптас. Бөліс» 1. Әр топ мүшелері оқулықтағы өлеңді жеке оқиды. 2 мин.
2. Оқығандарын жұпта талқылату.
1 мин
3. Оқығандарын топта талқылату.
1 мин
4. Мұғалім қойған сұрақтарға жауап беру. 2 мин.
Сұрақтар:
* Өлең кімдерге арналып айтылған?
*Ақын нені мұра етіп ұсына білген?
* «Ата ұрпақтар» кімдер? Олардың сендерге қалдырар қазынасы нелер?
*Ақын сендердің болашақтарыңа қандай сенім артқан?

ІІІ тапсырма
Әр топқа бір шумақ өлеңнен беріп, құрылысын талдату. Талдау парағы ұсынылады. 6 мин.
Слайдтан еске түсіру үшін төмендегі анықтамаларды көрсетемін.
Ұйқас дегеніміз - өлең тармақтарындағы сөз аяқтарының үндесуі.
Шумақ дегеніміз - аяқталған синтаксистік ой.
Бунақ дегеніміз - әр тармақтағы дауыс толқынының соқпағы.
Тармақ дегеніміз - өлеңнің әрбір жолы.
Буын дегеніміз - әр тармақтағы дауысты дыбыстардың санына қарай бөлінуі.
Тақырып дегеніміз жазушы суреттеп отырған өмір құбылысы.
Идея дегеніміз - жазушының суреттеп отырған өмір құбылысына берген бағасы

Әр топтан бір оқушы шығып, жауаптарын оқиды. 5 мин.
Сабақты ақынның өсиет сөзімен қорытындылау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама