Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Тіл дамыту
ОҚО, Созақ ауданы,
«Шолаққорған» жалпы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Өтепов Талғат Рәзімханұлы

Қазақ тілі 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Тіл дамыту
Мақсаты: Сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, логикалық ойлауға, жүйелі мазмұндап жаза білуге үйрету.
Оқу нәтижесі: Сын ойлау арқылы әдеби тілде сөйлеп, әдеби тілде жаза алады, шығармашылық жұмыс жасайды, теориялық білімдері шыңдалады.
Сабақта қолданатын материалдар: Топ аттары жазылған парақша, түрлі - түсті конфеттер, «Қызықты суреттер» топтамасы, тұлпар, киіз үй, бүркіт, күн суреттері, слайдтар, кері байланыс парағы, экран, проектор, ноутбук, плакат, маркер, желім т. б.
Оқыту әдістері: Сыни тұрғыдан ойлау, топтық жұмыс, өзара бағалау, кері байланыс т. б.
Дереккөздер: Оқулықтан тыс қосымша материалдар /кітаптар, интернет материалдары/
Тапсырмалар: 1. Астарлап салынған суреттердің мағынасын ашу.
2. Сурет қиындыларын құрастырып, сол бейнеге критерийлер бойынша жауап беру, постер жасау.
3. Аңыз мәтінін аудиожазбадан тыңдау арқылы «Жарысты жалғастыр» әдісімен кезектесе жазып, параққа түсіру.

Сабақ барысы
«Қызығушылықты ояту» кезеңі
Оқушыға психология - лық ахуал туғызу
1. Оқушыларды түгелдеу.
2. «Біздің сынып» тақырыбындағы әуенді таныстырылымды көрсету.
3. Түрлі - түсті кәмпиттерді таңдату арқылы 4 топқа бөлу.

«Мағынаны ажырату» кезеңі
Жаңа сабақ
Бүгінгі сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру: Тіл дамыту.
Мақсатымыз – сыни ойлау арқылы сөйлем құрай білу, әдеби тілде сөйлеп, әдеби тілде жүйелі жаза білу, сөздік қорды молынан пайдаланып, шығармашылықпен жұмыс жасау.

Ойсергек.
«Қызықты суреттер»
Әр топқа бір суреттен таратылады, астарына үңіліп, интерпретация жасау тапсырылады.
Оқушылар топ болып ақылдаса отырып, әр топтан бір оқушы жауап беруге шығады.
1 - суретте істің көзін таба алмайтын адамның бейнесі берілген. Ағашқа қанша су құйғанымен, оның өсіп - өнбейтініне мән бермейді.
2 - суретте соғыс зардабын көрген мүгедек баланың бейнесі берілген. Тіпті қағаз ұшақтың өзінен қорқады.
3 - суретте ата - ана мен бала арасындағы тығыз байланыстың жоқтығы байқалады. Бала аралда жалғыз қалғандай.
4 - суретте экология мәселесі көрініс тапқан. Ағаштар оталып, тас үйлер салынған.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама