Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Сәбит Мұқанов «Лашын» әңгімесін талдау
ОҚО, Созақ ауданы,
«Шолаққорған» жалпы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Өтепов Талғат Рәзімханұлы

Әдебиет 5 сынып
Сабақ тақырыбы: С. Мұқанов. «Лашын» әңгімесін талдау
Мақсаты: әңгіменің баяндау стилі, тақырыбы мен идеясы, жазушының көркемдік тәсілді қолданудағы шеберлігін түсіну.
Күтілетін нәтиже: құсбегілік өнерге қатысты сөздердің мағынасын біліп, сөздік қорлары көбейеді, шығарманы көркем баяндауды меңгереді.
Әдіс - тәсілдер: өзара бағалау, «Миға шабуыл» сұрақ - жауап әдісі, «Автор орындығы» сұрақ - жауап әдісі, кері байланыс.
Жеті модульдің кіріктірілуі: Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс - тәсілдер, СТО, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру.
Мұғалімнің іс - әрекеті: не істеймін?
Қызығушылықты ояту
1. Оқушыларды түгелдеу 1 мин

2. Білім алуға, өмірді сүюге деген құлшыныстарын ояту үшін «Салыстыру» таныстырылымын көрсету. 3 мин.

3. Үй тапсырмасын сұрау: С. Мұқановтың «Лашын» әңгімесі. Оқушылардың әңгіме желісін толық меңгергендерін білу үшін «Бағдаршам» әдісін пайдалану. 1 мин
4. «Миға шабуыл» әдісі. Сұрақтар беру:
*Неге әңгіменің атын «Лашын» қойған?
*Құспен аң - құс аулау қалай пайда болған деп ойлайсыңдар?
*Әңгіме кімнің атынан баяндалады?
*Әңгімеден қандай әсер алдыңдар?
*Жазушының бұл әңгімені жазудағы мақсаты не?* Бұл шығарма қай ауылға байланысты жазылған?* Балтабай ауылындағы Сәбит Мұқановтың ерекше жақсы көретін адамы кім? Ол немен айналысты?* Лашын қандай құс?
* Ахмет лашынын салуға қай мезгілде шығатын еді?
* Құс салатын адамның құралы не? Ол не үшін қажет?
* Лашын қандай құстарды алады?
*Лашынға алдырмайтын құс не?
*Құстың отқа шығатын мезгілі қай кез?
*Құстың қандай сезім мүшесі ерекше дамыған? 5 мин.

5. «Автор орындығы» әдісін қолдану 5 мин
Мағынаны тану
Жаңа сабақ тақырыбы таныстырылады:
«Лашын» әңгімесін талдау.
Мақсаты түсіндіріледі: әңгіменің тақырыбы мен идеясын, көркемдігін талдау.

1 - тапсырма 7 мин
Оқушыларға әңгімеде кездесетін құс суреттерін слайдтан таңдатып, сол құсқа қатысты эпизодтарды айтқызу.

2 - тапсырма. 5 мин
Сөз мағынасын түсіндіру. Олар:
қадім - ескі
атбегілік - атты баптау
құсбегілік - құсты баптау
бидайық - қиялдағы құс
дабыл - ұрмалы аспап
дабылдау - дабылды ұрып, дыбыс шығару
түлек - құстың жасы
саят - құспен аңға шығу
әр тайпы құс оттайтын кезі - құстардың әр тобының жайылатын, азықтанатын кезі
«құс салып айдын көлді дабылдаттым»- құстарды ұшыру
«қыран құс қисық ұшып, түзу ілер»- құстарды тура қумай, дәл астына барғанда тік көтеріледі.
«бір қызық ісім екен сұм жалғанда»- өмірдегі ең қызық іс екен.

3 - тапсырма 7 мин.
Әңгімеден эпитет пен теңеулерді тапқызу. Ол үшін ережелерін айтып, еске түсіру.
Эпитет дегеніміз заттың айрықша сипатын білдіретін сөздер.
Теңеу дегеніміз - зат немесе құбылыстың ерекше белгілерін көрсетпей - ақ басқа бір зат немесе құбылыспен салыстырып суреттеу.
Әңгіменің тақырыбы мен идеясын сұрау. 1 мин.

Сабақты бекіту үшін С. Мұқановтың шығармашылығы мен «Лашын» әңгімесіне жасалған слайдты көрсету аудиожазбаны тыңдату. 3 мин.

Ой - толғаныс
«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі
Жиынтық бағалау
Үйге тапсырма: Құстар жайлы эссе жазу
Рефлексия жаздыру

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама