Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Қазақстанның экономикалық географиялық жағдайы және табиғи ресурстық әлуеті
Байқоңыр қаласы,
№ 8 Ю. А. Гагарин атындағы мектептің
География пән мұғалімі Қарлыбаев Октябрь Өзбекбайұлы

Сынып: 9
Тақырыбы: Қазақстанның экономикалық географиялық жағдайы және табиғи ресурстық әлуеті
Мақсаттары:
Білімділік. Қазақстанның дүние жүзі картасында алатын орнын, экономикалық-географиялық жағдайын, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап, табиғи ресурстық әлеуетін сипаттауға бағдар беру. Қазақстанның әкімшілік-аумақтық бөлінісін анықтау.
Дамытушылық. Қазақстанның географиялық орнын және табиғи ресурстық әлеуетін карта бойынша сипаттау арқылы білімдерін тереңдету.
Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.
Сабақ түрі: жаңа тақырып
Сабақты ұйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап
Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Қазақстанның саяси картасы
Негізгі ұғымдар: географиялық орын, әкімшілік-аумақтық құрылым, облыс, аудан, округ, экономикалық-географиялық жағдай, табиғи-ресурстық әлеует, табиғи жағдай, табиғи ресурстардың аумақтық үйлесімі
Номенклатура: Семей, Ақтөбе, Қарағанды, Астана, Алматы, Ақтау, Шымкент

Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
1. Ұйымдасты-ру кезеңі
(3 мин) Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру. Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.
2. Білім мен іскерліктерін жан-жақты тексеру кезеңі.
(10+1-2 мин) Оқушыларға өткен курстар бойынша сұрақтар қою арқылы білімдерін тексереді.
1. Экономикалық география атауын берген ғалым:
2. Экономикалық-әлеуметтік аумақтық кешендер:
3. Қазақстан шаруашылығының кезеңдері
4. Экономикалық әлеует д/з не?
5. Экономикалық әлеуетінің құрамдас бөліктері қандай? Оқушылар сұрақтарға жауап береді:
1. М. В. Ломоносов
2.
3. 4 кезеңі – дәстүрлі эк. (б. э. д. 1 жылдықтар басы – ХІХ ғ. орт.), нар. эк. п. б. (ХІХ ғ. орт.-1920 ж. аяғы), жосп. эк. (1920 ж. аяғы-1990 ж. басы), нар. эк. өту.(1990ж. Бастап)
3. Жаңа материалды меңгеру кезеңі. Келесі сұрақтарға тоқталып кету:
1. Қазақстанның географиялық орнына сипаттама беру:
Республика аумағына сипаттама беру, басқа шетелдермен салыстыру, Еуразия материгіне қатысты орнының ерекшелігін анықтау.
2. Аумағы: көлемі мен ұйымдастырылуы:
Жер көлемі бойынша басқа елдермен салыстырғандағы алатын орны, Қазақстанның әкімшілік-аумақтық бөлінісін сипаттау, басты республикалық маңызы бар қалаларға тоқталу.
3. Экономикалық - географиялық жағдайы: плюстері мен минустары:
шаруашылық пен экономикалық-географиялық орнының өзара байланысын анықтау, ЭГЖ-ға баға беру критериін сипаттау, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау.
4. Табиғи-ресурстық әлеует: құрамы мен өзіндік ерекшеліктері:
табиғи жағдай дегеніміз не? Оның шаруашылыққа әсерін анықтау. Табиғи ресурстар дегеніміз не? Табиғи ресурстардың бөлінуіне тоқталу, табиғи - ресурстарға шаруашылық баға беру, табиғи ресурстардың аумақтық үйлесімі туралы айту.
4. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі Жаңа тақырыпты бекіту ретінде кестелер мен суреттерді талдау. Карта бойынша сипаттама беру.

5. Сабақты қорытындылау кезеңі Қазақстанның географиялық жағдайы қандай?
Қазақстанның ЭГЖ-ы қандай деңгейде?
Табиғи-ресурстық әлеует дегеніміз не?
6. Бағалау кезеңі Оқушыларды сабаққа қатысуына қарай бағалайды.
7. Үйге тапсырма беру кезеңі 2 пар. сұрақтарына дайындалу. 28-беттегі 1-6-тапсырмалар. Тест сұрақтарына жауап беру.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама