Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Қазақстанның экономикасы: өткені, қазіргісі, болашағы.
Сынып: 9
Тақырыбы: Қазақстанның экономикасы: өткені, қазіргісі, болашағы.
Мақсаттары:
Білімділік. Қазақстанның өткен, қазіргі кездегі экономикасы және болашақ әлеуеті туралы түсінік беру, шаруашылығының кезеңдеріне сипаттама жасауға бағыттау. Негізгі ұғымдарды енгізіп, оларға анықтама беру.
Дамытушылық. Қазақстанның географиялық орнын және табиғи ресурстық әлеуетін карта бойынша сипаттау арқылы білімдерін тереңдету.
Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақты ұйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап
Құрал - жабдықтар: дүние жүзінің физикалық картасы, интерактивті тақта
Негізгі ұғымдар: Экономикалық - әлеуметтік география, экономикалық - әлеуметтік аумақтық кешендер, дәстүрлі экономика, нарықтық экономика, жоспарлы экономика, әміршілдік - таратушылық экономика, индустрияландыру, либерализация, жекешелендіру, табиғи - ресурстық әлеует, даму стратегиясы.
Номенклатура: Қазақстан, Петропавл, Павлодар, Семей, Риддер, Көкшетау, Ақтөбе, Орал, Түркістан, Тараз, Қарағанды, Астана, Алматы, Атырау

Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс - әрекеті Оқушылардың іс - әрекеті
1. Ұйымдастыру кезеңі
(3 мин) Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру. Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

Сабаққа дайындалу.
2. Білім мен іс - керліктерін жан - жақты тексеру кезеңі.
(10+1 - 2 мин) Оқушыларға өткен курстар бойынша сұрақтар қою арқылы білімдерін тексереді.
1. Географиялық зерттеулер бойынша
2. Қазақстанның физикалық географиясы бойынша
3. Еуразия материгіндегі Қазақстанның орны.
Оқушылар сұрақтарға жауап береді:

1. жердің ерте кездегі зерттеулерінен бастап қазіргі кезге дейінгі Жер шарының зерттеулеріне қатысқан зерттеушілер.
2. Қазақстанның жер көлемі, халқы, халық санағы.
3. Қазақстанның көршілес елдері, Еуразияның нақ ортасында орналасуы.
3. Жаңа материалға көшу кезеңі
9 - сынып курсымен, мазмұнымен таныстыру. Кіріспенің сызбанұсқасын талдау, біртіндеп кіріспеге көшу. 9 - сынып курсымен, мазмұнымен танысады. Кіріспенің сызбанұсқасын мұғаліммен талдап, кіріспеге көшеді.
4. Жаңа материалды меңгерту кезеңі.
1. Экономикалық - әлеуметтік географияның ғылыми және мектеп пәні ретінде мәнін анықтау, оның зерттеу нысанын анықтау. Экономикалық - әлеуметтік аумақтық кешендер (ЭӘАК) ұғымын беру.
2. Қазақстанның шаруашылығына, оның кезеңдеріне шолу.
Тапсырмалар (4 - сурет бойынша):
1) Қазақстанның етті мал шаруашылығы дамыған жерлері.
2) Электр станциялары бар аудандар.
3) Павлодар облысында қандай өндіріс түрлері бар?
4) ОҚО - да қандай өндіріс дамыған?
5) СЭС - ры бар облыстар.
6) Алтын өндіретін облыс.
7) Тамақ өндірісімен айналысатын облыс. 1. Экономикалық - әлеуметтік географияның ғылыми және мектеп пәні ретінде мәнін анықтау, оның зерттеу нысанын анықтау. Экономикалық - әлеуметтік аумақтық кешендер (ЭӘАК) ұғымын анықтау.

2. Қазақстанның шаруашылығына, оның кезеңдеріне шолу.
1) батыс, орталық, оңтүстік, шығыс
2) БҚО, Қостанай, СҚО, Ақмола, Риддер, Шымкент, Алматы.
3) Кірпіш, тамақ өнеркәсібі, сабын
4) тамақ, мақта, кірпіш

Қазақстанның экономикалық - географиялық жағдайы және табиғи ресурстық әлеуеті.
1. Қазақстанның географиялық орналасуына сипаттама беруге талпындыру. Аумағы, бойынша д. ж - де алатын орны, көршілес мемлекеттері, саяси - географиялық аймағын, оның жер аумағының үлкен болуы және географиялық орналасуының артықшылықтарын анықтауға бағыттау. Басты қалалары мен әкімшілік бөлінісін түсіндіру.
ЭГЖ – елдің, әлемнің экономикалық картасындағы орнын көрсетеді. ЭГЖ - ға баға беру:
2. Табиғи - ресурстық әлеует ұғымын және оның құрамы мен ерекшеліктерін түсіндіру:
1) табиғи ресурс д/з -...
2) Қолданылуына қарай.....
3) Оларды тиімді пайдалану д/з -....
4) Табиғи ресурстарға шаруашылық баға беру:.......
5) ТР - дың аумақтық үйлесімі........... Жаңа тақырыппен танысады.
1. Қазақстанның географиялық орналасуына сипаттама береді (картаға қарап). Сипаттама бергеннен кейін ЭГЖ - ын бағалау.
2. Кейін табиғи - ресурстық әлеует ұғымын және оның құрамы мен ерекшеліктерін анықтайды.
5. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі Оқулықтың 15 - 16 бетіндегі 2 - 3 - 5 тапсырмаларды орындау. 25 беттегі 14 - суретті талдау. 28 - бет: 1 - тапсырмасы.

6. Сабақты қорытындылау кезеңі Қазақстанның орналасу жағдайының сипаты қандай?
Оның жер аумағының артықшылығы?
7. Бағалау кезеңі Оқушыларды сабаққа қатысуына қарай бағалайды.
8. Үйге тапсырма беру кезеңі 1 пар. сұрақтарына дайындалу. 14 - беттегі 1 - 6 - тапсырмалар. Тест құрастыру. тесттерге жауап беру. 15 - сурет, 3 - 4 кесте бойынша кесте толтыру.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама