Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Халық саны мен табиғи өсімі
Сынып: 9
Тақырыбы: Халық саны мен табиғи өсімі
Мақсаттары:
Білімділік. Демография, этнография ұғымдарына түсінік беру, халық саны және динамикалық өсу қарқыны, халықтың табиғи қозғалысы, көші-қоны туралы көзқарастарын қалыптастыру.
Дамытушылық. Қазақстан халқының табиғи өсімінің аумақтық бойынша айырмашылығын, қозғалыстарын, табиғи қозғалыс типтерін карта бойынша сипаттау арқылы білімдерін тереңдету.
Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.
Сабақ түрі: жаңа тақырып
Сабақты ұйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап
Құрал-жабдықтар: дүние жүзінің физикалық картасы, интерактивті тақта
Негізгі ұғымдар: Демография, этнография, миграция, табиғи өсім, халықтың механикалық қозғалысы, демографиялық революция, демографиялық саясат, эмиграция, иммиграция, репатриация, вахталық көші-қон
Номенклатура: Қазақстан, Петропавл, Павлодар, Семей, Риддер, Көкшетау, Ақтөбе, Орал, Түркістан, Тараз, Қарағанды, Астана, Алматы, Атырау

Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңдері
Мұғалімнің іс-әрекеті
1. Ұйымдастыру кезеңі
(3 мин) Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.
Оқушылардың іс-әрекеті
Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабаққа дайындалу.
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
(10+1-2 мин) Қазақстанның географиялық жағдайы қандай?
Қазақстанның ЭГЖ-ы қандай деңгейде?
Табиғи-ресурстық әлеует дегеніміз не?
Тапсырмаларды тексеру.
3. Жаңа материалға көшу кезеңі
Кіріспедегі Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік экономикасының құрылымын еске түсіріп, оның әлеуметтік география құрамдас бөлігіне зер салу. Бұл бөлігінде республиканың халық жағдайы қарастырылатынына назар аудару.
4. Жаңа материалды меңгеру кезеңі.
1. Демография, этнография ұғымдарына анықтама беру:
2. Халық саны және динамикалық өсу қарқыны: Халық санының қазіргі жағдайы, халық санағы, халықтың табиғи өсімі, халықтың механикалық қозғалысын сипаттау.
3. Халықтың табиғи қозғалысы: халықтың табиғи қозғалысы үш демографиялық революциядан өткені туралы айту, демографиялық көрсеткіштерге тоқталу, промильмен есептеуді үйрету, демографиялық жарылыс, демографиялық революция, демографиялық саясатқа тоқталу.
4. Халықтың көші-қоны (миграция):
халық көші-қонының маңызын түсіндіру, оның себептері, ұзақтығы, бағыты, түрі бойынша бөлінуін айтып кету
5. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі Жаңа тақырыпты бекіту ретінде кестелер мен суреттерді талдау. Карта бойынша сипаттама беру.
6. Сабақты қорытындылау кезеңі
1. Демография ғылымы нені зерттейді?
2. Демографиялық көрсеткіштерге қандай көрсеткіштер жатады?
3. Халықтың көші-қоны (миграция) дегеніміз не? Эмиграция, иммиграция дегеніміз не?
7. Бағалау кезеңі Оқушыларды сабаққа қатысуына қарай бағалайды.
8. Үйге тапсырма беру кезеңі 3 пар. Сұрақтарына дайындалу. 28-беттегі 1-6-тапсырма. Тест құрастыру. тесттерге жауап беру.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама