Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Шопан еңбегі. Саққұлақ
Ана тілі 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Шопан еңбегі. Саққұлақ
Сабақтың мақсаты: Қысқы шопан мәтінін оқыта отырып, шопан еңбегінің ауырлығын түсіндіру және дауысты дыбыс туралы білімін тиянақтау.
Сабақтың міндеттері: 1. Оқушылардың тұтас сөзбен жүгірте оқуын жетілдіре отырып, мәнерлеп, түсініп оқу дағдыларын қалыптастыру. Қысқы шопан еңбегінің ауырлығы туралы түсінік беру. Жаңылтпаштарды оқу дағдыларын жетілдіру, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру.
2. Дауысты дыбыстар туралы алған білімдерін дамыту.
3. Оқушыларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: оқулық суреттері
Әдісі: сұрақ – жауап, сын тұрғысынан ойлау, проблемалық жағдаят тудыру.

Сабақтың барысы:
І. Психологиялық дайындық
Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз
Атсын күліп таңымыз.

ІІ. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
а).- Дыбыс дегеніміз не?
- Дыбыстар айтылуына қарай нешеге бөлінеді?
- Дауысты дыбыстарды ата.
ә). Сөздік диктант:
Гүл, еңбек, кесте, сабақ, қиын. (Дауысты дыбыстардың астын сызу).
б). «Еңбек» өлеңін мәнерлеп оқыту.
в). Мәтін бойынша оқушыларға сұрақтар қойып, толық жауап алу.
- Өлеңдегі еңбек түрлерін ата. (Гүл өсіру, кесте тігу, сабаққа дайындалу).
- Еңбек туралы қандай мақал - мәтел білесіңдер?
- Осы өлеңді оқи отырып, қандай ой түйдіңдер?

ІV. Жаңа сабақ:
а). Слайдпен жұмыс. (қасқыр мен боранның даусы).
- Суретке қарап не айтасыңдар?
ә). Мәтінмен жұмыс
«Шопан еңбегі» әңгімесін оқып беру. Оқушылар кезектесіп оқиды.
б). Сөздік жұмысы: (Слайдпен көрсету)
қыстау – малшылардың қыста отыратын жері;
отар – қойлар;
иесін ес тұтқан иттер – иесін арқалану, иесі шыққанына масаттану;
шабалана – қатты үру;
тағы – жабайы, жыртқыш аңдар;
кәсіп иесі – мамандық;
қайыспайды – қорықпайды;
көз ілмеді – ұйықтамады.

V. Сергіту сәті. (Бейне ролик).
5. Әңгіменің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру.
- Боран қайтеді? - Алыстан не естіледі? - Иттер қайтеді? - Шопан ата не істейді?
- Ол мылтықты не үшін атты? - Иттер неге шабалана үрді? – Тағының ұлығаны неге бәсеңдеді? – Шопан ата неге көз ілмеді? – Шопан атаның еңбегі қандай?
- Малшы еңбегі туралы оқушы ойын тыңдау.

6. «Саққұлақ» өлеңін оқу. Шопандардың көмекшісі иттер, олардың қандай көмек көрсететіні туралы өлеңнің мазмұнына сүйене отырып әңгімелету.
VІ. а). Дәптермен жұмыс.
Көркем жазу. (Шш, Ее).
ә). Шопан ең қиын да ауыр кәсіп иесі. Шопан атаны нағыз батыр десе болады. (2 оқушыға тақтаға жазғызу).
б). Дәптердегі № 2 (8бет) тапсырманы орындау. (Слайд).
VІІ. Қорытынды. – Бүгінгі сабақта не үйрендік? Не білдік? Сендердің еңбектерің не?
VІІІ. Үйге тапсырма. Мәтінді оқу. Өлеңді жаттау. Жаңылтпашты жазу.
ІХ. Бағалау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама