Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Информатикадан қысқы және орта мерзімді жоспар
І тоқсан
Информатика 5 - 6 - 7 сыныптарға арналған "Орта мерзімді жоспар"
Информатика 5 - 6 - 7 сыныптарға арналған "Қысқа мерзімді жоспар"


Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау және жұмыс орнын ұйымдастыру.
Сілтеме:• 5 - сынып оқулығы;
• Стендтер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мәні: Информатика кабинетіндегі қойылатын талаптар, міндеттер, шаршаған жағдайда қолданылатын жаттығулар және техника қауіпсіздігін сақтау ережелерін үйрету.
Дамытушылық мәні: Практикалық дағдыларын дамыту, өз бетінше жұмыс жасауда білімдерін пайдалана білуге, пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру.
Тәрбиелік мәні: Ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу
Нәтиже:
• Жұмыс істеу алдындағы қауіпсіздік ережелерін біледі
• Компьютермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтайды
• Компьютерде жұмысты аяқтаған кездегі қауіпсіздік ережелерін сақтайды.
• Ұжыммен бірігіп жұмыс істеу ережесін біледі.
• Апаттық жағдайлардағы қауіпсіздік ережелерін үйренеді.
• Арнайы көзге жаттығу ережелерін жасап үйренеді.
Түйінді идеялар: • Жұмыс істеу алдындағы қауіпсіздік ережелері
• Компьютермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері
• Компьютерде жұмысты аяқтаған кездегі қауіпсіздік ережелері
• Ұжыммен бірігіп жұмыс істеу ережесі
• Апаттық жағдайлардағы қауіпсіздік ережелері
• Арнайы көзге жаттығу ережелері
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Әдіс - тәсілдері: АКТ, ЖИГСО - 1, диалогтық оқыту

Ұйымдастыру кезеңі (2 мин.)
Мұғалімнің іс - әрекеті
1. Сәлемдесу.
2. Ұйымдастыру.
3. Топқа бөлу.
4. Сабақ барысымен таныстыру.
5. Бағалау парағын таныстыру.
6. Балалардың назарын сабаққа шоғырландыру

Оқушының іс - әрекеті
• Сәлемдесу
• Өздерін ретке келтіру
• Топқа бөліну
• Кітап құралдарын, дәптерлерін, қалам қарындаштарын дайындыққа келтіру

Үй тапсырмасын тексеру (7 мин.)
(сұрақ - жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау тәсілі)
• Өткенді қайталау
Қызығушылықты ояту (2 мин.)
5 - сыныпқа арналған электронды оқулықтан «Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау және жұмыс орнын ұйымдастыру» тақырыбына арналған бейне материал қосылады. Ол материалда: мәтін, сурет, анимация, тарихи деректер және дыбыстық түсіндіру қамтылған.

Мағынаны тану
(Мұғалім жаңа тақырыпқа шығады. Бүгінгі сабақтың мақсаты мен міндеттеріне тоқталады).
ББҮ (2 мин.)
Сабақтың негізгі бөлімі (20 мин.)
Мұғалімнің іс - әрекеті
Сыныпты Пирамида, Бәйтерек және «Мәңгілік ел» суреттер қиындысы арқылы 3 топқа бөлу, топ басшыларын сайлау.
Топтағы әрбір оқушының қолына «бағалау парағын» беру. Сабақтың өтілу шартын түсіндіру.
5 - сынып оқулығында «Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау және жұмыс орнын ұйымдастыру» тақырыбын оқыту.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама