Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Үшбұрыш әлеміне саяхат
7 - сынып
«Үшбұрыш» әлеміне саяхат

Мақсаты: 1. Үшбұрыштың қасиеттерін қолданып, үшбұрыштарды топтастыра білу;
2. Ұсынған алгоритмді қолданып зерттеу жұмыстарын жүргізу қабілеттерін арттыру;
3. Геометриялық интуицияларын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, түрлі - түсті таяқшалар, үлестірмелі материал.

Сабақ жоспары: 1. Ұйымдастыру кезеңі. (2 мин)
2. Жаңа сабақты қабылдауға дайындық. (3 мин)
3. Практикалық тапсырма (зерттеу жұмысы) (15 мин)
4. Білімдерін бекіту кезеңі.(12 мин)
5. Үй жұмысы. (3 мин)
6. Қорытынды.(3 мин)
7. Рефлексия. (4 мин)
8. Резерв.(3 мин)

І. Ұйымдастыру.
Сабақтың тақырыбы және мақсаттарымен таныстыру.
Мұғалім: Біз бүгін «Үшбұрыштар» әлеміне саяхат жасаймыз. Бұл әлемде өзінің «триангл» деген валютасы бар екен. Сендер әрбір дұрыс жауап үшін 1 триангл аласыңдар. Сабақ соңында кім 7 триангл жинаса сол оқушы «өте жақсы» деген бағаға ие болады. Топтарға бөлініп саяхатқа аттанамыз. Ол үшін қысқаша сұрақ - жауап өткізейік.

ІІ. Жаңа сабақты қабылдауға дайындық.
♦ Өткен сабақта біз қандай фигура туралы сөйлестік?
(Үшбұрыш) Слайд №1
♦ Қандай қасиеттері бойынша үшбұрыштар топтарға бөлінеді? (бұрыштарына қатысты)
♦ Осы топқа қандай үшбұрыштар кіреді? (тік бұрышты, сүйір бұрышты, доғал бұрышты)

Үшбұрыштар бұрышына қатысты

● доғал бұрышты
● сүйір бұрышты
● тік бұрышты

♦ Қандай үшбұрышты тікбұрышты үшбұрыш деп атаймыз? (егер бір бұрышы тік болса)
♦ Қандай үшбұрышты доғал бұрышты үшбұрыш деп атаймыз? (егер бір бұрышы доғал болса)
♦ Қандай үшбұрышты сүйір бұрышты үшбұрыш деп атаймыз? (егер барлық бұрыштары сүйір болса)

ІІІ. Практикалық тапсырма (зерттеу жұмысы).
- Үшбұрыштардың екінші тобымен таныс болайық.
Сендердің алдарыңда әртүрлі үшбұрыштары салынған карточкалар.

- Мына алгоритмді орындаңдар:
1. Бір карточканы ал.
2. Үшбұрыштың қабырғаларын өлше.
3. Өлшемдерін дәптерге жаз.
4. Барлық үшбұрыштарға 1 - 3 командаларды орында.
5. Қорытынды жаса. Қызықты не көрдің?
- Осы үшбұрыштардың аттарын атап көрейік?
1. Барлық қабырғалары тең үшбұрыштарды қалай атауға болады? (теңқабырғалы)
2. Қабырғалары әртүрлі үшбұрыштарды қалай атауға болады? (әртүрлі қабырғалы)
3. Екі қабырғасы тең үшбұрышты қалай атауға болады? (теңбүйірлі)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама