Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Ұрықтану. Гүлді өсімдіктердегі ұрықтану процесі
Ашық сабақ
Биология 10 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ұрықтану. Гүлді өсімдіктердегі ұрықтану процесі
Тозаңдану мен ұрықтануСабақтың мақсаты: а) білімділік: оқушыларға ұрықтану процесін, өсімдіктердегі эндосперге, диплойдты және триплойты жасушалардың дамуын, Навашин, аталық және аналық гаметалардың дамуын түсіндіру
ә) дамытушылық: Оларға ұрықтану туралы ғылыми тұрғыдан түсіндіріп, ой – өрісін дамыту және сабаққа қызығушылықтарын арттыру;
б) тәрбиелілік: көбеюдің және тозаңдану мен ұрықтанудың күрделі екенін айту. Салауаттылықты қалыптастыру, біліктіліктерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, тесттер, биологиялық диктант, кайталау
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, бор, плакаттар, улестірмелі қағаздар, кеппе шөптер т. б.
Пәнаралық байланыс: География, математика, шет тілі, орыс тілі

І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесіп, түгелдеп, үй тапсырмасын сұрау
Үй тапсырмасы:
Кім жылдам «Қайталау оқу анасы
Сөзжұмбақ «Мейоз» тақырыбына
Актуалдау

ІІ. Жаңа сабақ
Жынысты көбею – аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы. Гүлдің көбеюге қатысатын бөлімдері – аталық пен аналық.
Тозаңдану дегеніміз – аталық тозаңының аналықтың аузына түсуі. Тозаңдану өздігінен және айқас тозаңдану деп екіге бөлінеді.
Ұрықтану дегеніміз — аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы. Ұрықтану тозаңданудан кейін болады. Егер де сперматозоид жасушасы бір ғана жұмыртқаны ұрықтандырса оны моноспермиялы, бірнеше сперматозоид ұрықтандырса полиспермиялы деп атаймыз.
Аналықтың жабысқақ сұйықтық бөлінгенде аналық аузына түскен тозаң жіңішке түтікше шығарып, өнеді. Тозаң түтікшесі ұзарып, аналықтың жатынына жетеді.
Жатындағы көпжасушалы тұқымбүршігінің ішінде жұмыртқа жасушасы мен ең ірі жасуша болады. Тозаң түтікшесінің ұшында ірі ядролы 2 жасуша бар. Тозаң түтікшесінің ұшы тұқым бүршігінен түйіскенде 2 жасушаның біреуі жұмыртқа жасушасымен қосылып ұрықтанады. Екінші жасуша тұқым бүршігінің ең ірі жасушасымен қосылады. Мұны қосарлы ұрықтану дейді, бұл құбылысты ашқан ғалым С. Г. Навашин. Ұрықтанғаннан соң тұқым бүршігінен тұқым, жатыннан жеміс дамиды.
Сабақты бекіту сұрақтары:

Бекіту сұрақтары

1тапсырма
20(1) ұрықтану дегеніміз не
20(2) моноспермиялы ұрықтану
20(3) полиспермиялы ұрықтану
30(1) өсімді және генеративті дегеніміз не
30(2) сыйлық
30(3) қосарланып ұрықтану дегеніміз не
40(1) аталықтгаметалар қалай дамиды
40(2) сыйлық
40(3) аналық гаметалар қалай дамиды

2тапсырма Биологиялық диктант
1. Аталық және аналық жыныс жасушасының қосылуы..... д. а.
2. Гүлді өсімдіктердің ұрықтануын алғаш ашқан.....
3. Аналық жыныс жасушаларының саны...
4. Аталық гаметалар тазаңқаптың........ дамып жетіледі.
5. Триплоидты хромосома жиынтығы бар жасушадан эндосперм қабатының түзілуін.... д. а
3тапсырма
Сандар сөйлейді
1) 3 кезең 2) 4фаза 3) 1841 4) 46 5) 23 6) 22 7) 4 8) 8 9) 4 10) 1898

Сабақты қорытындылау
Мен бүгінгі сабақты түсіндім.
Мен түсіне алмай қалдым
Өзіме түйгенім

ІҮ. Бағалау сабаққа белсенді қатысып отырған оқушылар бағаланады.
Ү. Үйге тапсырма беру. §25 Өсімдіктердің жынысты көбеюі. Тозаңданумен ұрықтану Өсімдіктер танымдық сұрақтарға жауап іздеп келу.
1. Қайынның реңі неліктен ақ болады?
2. Ағаштың темір болуы мүмкін бе?
3. Жапырақ реңінің жазды жасыл, күзде сары тусті болуы неліктен.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама