Қазгидромет елдің көптеген өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Ақтөбе облысының солтүстігінде және орталығында түнде жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде жаңбыр, найзағай, шығысы мен орталығында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл болады. Жел оңтүстік-шығыстан батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20, кей жерлерде 23 м/с жетеді. Күндіз қатты ыстық 35-36 градус болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында өрт қаупі жоғары, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Ақтөбе облысының оңтүстігінде күндіз өте қатты ыстық 40 градус болады.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Батысында, оңтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде қатты ыстық 36 градус. Батысында өрт қаупі жоғары.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең батысында тұман болады. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз батысында 15-18 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында өрт қаупі жоғары.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, дауыл, шаңды дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кейде 25 м/с.
Астанада қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, кейде екпіні 15-20 м/с.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында өрт қаупі жоғары, батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының солтүстік-шығысында түнде жаңбыр, найзағай, күндіз батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, батысында, солтүстігінде кейде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең солтүстігінде, шығысында тұман. Жел солтүстік-батыстан соғады, батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, орталығында өрт қаупі жоғары.
Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен оңтүстікке, оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі, батысында өрт қаупі жоғары.
Жамбыл облысының таулы аудандарында солтүстік-батыстан жел екпіні 15-20 м/с. Облыста өрт қаупі жоғары, батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі.
Түркістан облысында таулы аудандарда солтүстік-батыстан жел 15-20 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі, оңтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары.
Алматы облысының таулы аудандарында қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел батыстан соғады, таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с. Күндіз қатты ыстық 35-38 градус. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі, батысында, шығысында, орталығында өрт қаупі жоғары, оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.
Жетісу облысының таулы аудандарында қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. 15–16 шілдеде облыстың батысында, орталығында өрт қаупі жоғары.
Абай облысының батысында, оңтүстік-батысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыста өрт қаупі жоғары, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі.
Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыста өрт қаупі жоғары, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі.
Ұлытау облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз солтүстігінде, шығысында екпіні 15 м/с. Облыста өрт қаупі жоғары.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде жаңбыр, найзағай, шығысында қатты жаңбыр, күндіз оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең батысында тұман. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, оңтүстік-батысында, шығысында екпіні 15-20, кейде 23-28 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыста өрт қаупі жоғары, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі.


