Қазақстанның басым бөлігінде жақын күндері, 19–21 қараша аралығында жауын-шашын болады. Бұл болжамды синоптиктер жариялады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
«Қазгидромет» метеорологиялық қызметінің мамандары түсіндіргендей, осы кезеңде елдің басым бөлігіне солтүстік-батыс циклонының терең науасы әсер етеді. Болжамға сәйкес, алдымен оның ықпалына батыс өңірлер түседі, кейін тұрақсыз ауа райы республиканың солтүстік-батысы мен солтүстігіне таралады. Тек Қазақстанның шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Көптеген өңірде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, ал елдің солтүстігінде көктайғақ құбылыстары болжанады. Республика бойынша жел күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман байқалады.
Елдің батысында ауа температурасы көтеріледі: түнде -2…+5°С-тан +1…+10°С-қа дейін, күндіз +2…+10°С-тан +5…+10°С-қа дейін.
Солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста түнгі уақытта термометр бағандары -3…-13°С шегінде теріс мәндерді сақтайды, күндіз 0…+5°С-тан +5…+10°С-қа дейін көтерілуі болжанады. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.


