Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі ата-аналардың балаға тегі, аты және әкесінің атын беру мәселесіне қатысты түсініктеме берді. Бұған қазақстандықтардың әлеуметтік желілерде туу туралы куәлікті онлайн ресімдеу кезінде туындаған проблемаларға шағымдануы себеп болды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Ведомствоның айтуынша, ҚР Азаматтық кодексінің 15-бабына сәйкес, азамат өз құқықтары мен міндеттерін өз атымен жүзеге асырады, оған тегі мен аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты кіреді. Сонымен қатар, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекстің 194-бабында тууды мемлекеттік тіркеу кезінде баланың тегі ата-анасының тегімен анықталатыны белгіленген. Ата-анасының тегі әртүрлі болған жағдайда, балаға ата-анасының келісімі бойынша әкесінің немесе анасының тегі беріледі.
Азаматтардың қалауы бойынша қазақ ұлтының адамдарының тегі мен әкесінің атын жазуда қазақ тіліне тән емес -ов, -ев, -ова, -ева, -ин, -н, -ины, -на, -овна, -евна, -ович, -евич аффикстері қолданыстан шығарылатыны атап өтілді. Олардың орнына әкесінің атында -ұлы, -қызы жалғаулары бірге жазылады. Сондай-ақ қазақ ұлты адамдарының атын әкесінің аты тегінің орнына жүретіндей етіп жазуға рұқсат етіледі, бұл ретте тегі бірінші орында тұруы міндетті, содан кейін аты жазылады, ал әкесінің аты қалауы бойынша жазылады. Әкесінің аты тегінің орнына -ұлы, -қызы жалғауларымен жазылған жағдайда, әкесінің аты жазылмайды.
Аты-жөнді жазу мысалдары келтірілген: Ахметов Серік Айбекұлы Айбекұлы Серік (әкесінің аты тегінің орнына), Ахмет Серік Айбекұлы, немесе Айбек Серік Айбекұлы, немесе Айбек Серік (әкесінің аты қалауы бойынша көрсетіледі) деп жазылуы мүмкін.
«Осыны ескере отырып, заңнамалық деңгейде ата-аналарға баланың аты-жөнін аралас жазуға тыйым салынбаған, алайда аты-жөнді жазғанда қазақ тілінің грамматикасын ескерген жөн», — деп түсіндірді ведомствода.
Әділет министрлігінде сондай-ақ тәжірибеде азаматтардың мемлекеттік қызметтерді алу үшін екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларын белсенді пайдаланатынын атап өтті. Дегенмен, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласындағы тіркеуші орган «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» АҚ болып табылады. Қазіргі уақытта азаматтар баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті «цифрлық үкімет» веб-порталы арқылы, сондай-ақ ХҚКО-ға жүгіну немесе тікелей азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласындағы тіркеуші органға жүгіну арқылы бере алады.


