Қазақстандық боксшы Аида Сатыбалдинова олимпиада чемпионы Данияр Елеусиновтің соңғы мәлімдемелеріне қатысты пікір білдіріп, оның менеджері Зия Алиевке жүгінді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Спортшы Instagram-дағы сторизінде боксшының өкілін ахуалға назар аударуға шақырды.

«Оның не күйде жүргенін көріп отырсыздар. Оның промоутері ретінде Даниярға көмектесе алмайсыз ба?» — деп жазды ол.

Сатыбалдинова Елеусиновке мамандардың көмегі қажет болуы мүмкін деп те болжады.

«Егер оған мамандардың көмегі, психологиялық қолдау немесе оңалту қажет болса, меніңше, сіз осыған назар аударуыңыз керек!» — делінген Сатыбалдинованың жүгінуінде.

Бұған дейін олимпиада чемпионы Данияр Елеусинов алкогольге тәуелділігі туралы алғаш рет ашық мәлімдеп, жанкүйерлеріне жүгінген болатын.

Еске салайық, шілде айының басында Данияр Елеусинов қамауға алынып, жүргізуші куәлігінен айырылған. Сондай-ақ астаналық полиция оның ЖКО-дан кейінгі ұсталу сәтін көрсетті.

Сонымен қатар шілде айының соңында Қарағандыда екі жергілікті тұрғын әйелді ұрып-соғу ісі бойынша үкім жарияланып, кінәлі деп Данияр Елеусиновтің әйелі танылды.