Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 16 сағат бұрын)
Айтыскер ақын Балғынбек Имашевтың ұлы Данияр Имашевтың басы дауға қалды

Айтыскер ақын Балғынбек Имашевтың ұлы, «Qazaq Travel» компаниясының атқарушы директоры Данияр Имашевқа қатысты алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Infohub.kz жазады.

Меккеге қажылыққа баруға ниет білдірген бір топ азамат «Qazaq Travel» компаниясына алдын ала төлем жасап, сапарға дайындалған. Алайда, ұшуға бір күн қалғанда компания тарапынан рейстің болмайтыны туралы хабарлама алған. Клиенттердің айтуынша, компания бұл жайлы алдын ала ескертпеген және нақты түсініктеме де бермеген.

Қазіргі уақытта 50-ге жуық азамат полицияға шағым түсірген. Қылмыстық іс аясында үш күдікті анықталып, олардың бірі – Данияр Имашев. Полиция тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Балғынбек Имашев бұл мәселеге қатысты пікір білдіріп, ұшақ пен қонақүй бағаларының күрт өсуі қиындықтар туғызғанын айтып, бұл жағдайдың алаяқтық емес екенін мәлімдеген.

Алайда қажылыққа бара алмаған азаматтар төленген қаражаттың қайтарылуын талап етіп отыр. Олар «Qazaq Travel» компаниясының басқа азаматтарды да қиын жағдайға қалдырмауын сұрайды.

Полиция департаменті тергеу нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылданатынын хабарлады.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама