Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду ойнайтын Сауд Арабиясының «Аль-Насры» Азия футбол конфедерациясының элиталық Чемпиондар лигасында Біріккен Араб Әмірліктерінің «Аль-Айнынан» сырт алаңда 4:0 есебімен ойсырай жеңілді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Жалпы кезеңнің бірінші турындағы матч Аль-Айндағы «Тахнун Бин Мохамед» стадионында өтіп, алаң иелерінің пайдасына 4:0 есебімен аяқталды.

Дубльді 25-ші және 63-ші минуттарда көзге түскен Хуссин Рахими жасады. Тағы бір голды марокколық тағы бір шабуылшы Суфьян Рахими соқты (72-ші минут). Қорытынды есепті грек шабуылшысы Георгиос Якумакис белгіледі (85-ші минут).

Қонақтардың португалиялық шабуылшысы Криштиану Роналду негізгі құрамда алаңға шығып, капитан таңбасымен бүкіл матчты ойнады.

«Аль-Айн» үш ұпай жинап, қосымша көрсеткіштер бойынша Батыс конференциясының кестесінде көш бастады. «Аль-Наср» соңғы, 16-шы орында тұр.

15 қыркүйектегі элиталық Азия Чемпиондар лигасындағы ойын күнінің толық нәтижелері:

«Ратчабури» (Таиланд) — «Шанхай Порт» (Қытай). 4:6
«Тэджон Хана Ситизен» (Оңтүстік Корея) — «Киото Санга» (Жапония). 1:0
«Гамба Осака» (Жапония) — «Конган Ханой» (Вьетнам). 4:1
«Касима Антлерс» (Жапония) — «Ньюкасл Джетс» (Австралия). 7:1
«Джохор Дарул Тазим» (Малайзия) — «Бурирам Юнайтед» (Таиланд). 1:1
«Бэйцзин Гоань» (Қытай) — «Пхохан Стилерс» (Оңтүстік Корея). 3:1
«Аль-Айн» (БАӘ) — «Аль-Наср» (Сауд Арабиясы). 4:0
«Аль-Хиляль» (Сауд Арабиясы) — «Аль-Гарафа» (Катар).

Жалпы кезеңнің сегіз турының қорытындысы бойынша элиталық Азия Чемпиондар лигасының плей-оффына Батыс және Шығыс конференцияларынан сегіз үздік командадан шығады.