Америкалық «Вашингтон Кэпиталз» клубында ойнайтын ресейлік хоккейші Александр Овечкин Ұлттық хоккей лигасындағы (НХЛ) мансабын аяқтайтынын мәлімдеді. Бұл туралы infohub.kz сайты хабарлайды.
«Вашингтон Кэпиталз» клубының Instagram парақшасында Александр Овечкиннің мәлімдемесі жарияланды. Онда ол ағымдағы маусым НХЛ-дегі соңғы маусымы болатынын жеткізді. Атақты хоккейші бұл шешімге отбасымен бірге келген.
«Мен бұл ойынды қатты жақсы көремін, бірақ жүрегімнің түкпірінде бұл дұрыс шешім екенін білемін. Бұл мәлімдемені алғашқы үй ойынымыздың алдында жасағаным маңызды болды, сондықтан ойынға келгендердің барлығына, мен үшін және отбасым үшін аса қымбат болған, қуанышты күндерде де, ауыр жеңілістерде де қолдау көрсеткен жандарға алғыс айтуға мүмкіндігім бар. Оларсыз өмірімдегі барлық жетістікке жете алмас едім. Мен де, командаластарым да осы маусымға қуанып отырмыз және оны ерекше ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Отбасыммен, ұлдарыммен, жанкүйерлерімізбен және хоккей мансабымның бір бөлігі болған барлық адаммен өткізген әр сәттен ләззат аламын», — деді Овечкин.
Еске салайық, 2025 жылы Овечкин НХЛ-дің тұрақты чемпионаттарындағы гол саны бойынша аңызға айналған Гретцкидің ұзақ уақыт «мәңгілік» саналған рекордын жаңартқан еді. Ал биыл ол хоккей тарихындағы үздік снайпер деп танылды.


