Алматыда Егізбаева көшесіндегі жаңа мектеп маңындағы учаскеде ағаш кесу жұмыстары қайта жанданды. Әкімдік бұл жұмыстардың рұқсат етілгенін және жобамен қарастырылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды infohub.kz.

Алматы әкімдігі Егізбаева көшесіндегі ағаш кесуге қатысты түсініктеме берді. Жұмыстар Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасы берген рұқсат негізінде жүргізіліп жатқаны атап өтілді.

«Ағаш кесу Егізбаева көшесіндегі жаңа жалпы білім беретін мектепке кіреберіс жол салу жобасын іске асыру аясында заңды негізде жүргізілуде», — делінген хабарламада.

Бұған дейін учаскенің бір бөлігінде жұмыстар уақытша тоқтатылған болатын. Себеп — жобаны іске асыру үшін қажетті жер учаскелерін сатып алу рәсімі.

Айта кетейік, барлық қажетті рәсімдер аяқталған соң ағаш кесу қайта жанданды. Жұмыстар бекітілген жобалық құжаттамаға сәйкес жалғасуда.

«Ағаш кесу тек құрылыс жобасында көзделген аумақ шегінде ғана жүзеге асырылатынын атап өтеміз», — делінген хабарламада.

Әкімдік әрбір кесілген ағаш үшін өтемдік отырғызу қарастырылғанын атап өтті. Жаңа көгалдандыру жұмыстары жүргізілгеннен кейін оларға үш жыл бойы күтім жасалуы тиіс.

«Қолданыстағы ережелерге сәйкес, әрбір кесілген ағаш үшін міндетті өтемдік отырғызу және кейіннен үш жыл бойы көгалдандыруға күтім жасау қарастырылған», — деп түйіндеді әкімдік.