Алматы мен Алматы облысында электр қуаты жиі өшіп тұрғанына қарамастан, тұтынушылар үшін тариф әлі де көтеріледі. Бұл неліктен болып жатқанын «KEGOC» АҚ басқарма төрағасы Нәби Айтжанов үкіметтегі брифингте түсіндірді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Айтжановтың айтуынша, KEGOC компаниясы үшін электр энергиясы құнының өсуі әлі мамыр айында болған және бірыңғай сатып алушы бағасының өзгеруіне байланысты болған. «Тарифке бастапқыда 13 теңге салынған болатын, іс жүзінде ол өзгерді, қазір бірыңғай сатып алушының бағасы шамамен 30 теңгені құрайды. Ол, тиісінше, шығын құнына әсер етті», — деді ол.
KEGOC басшысы алдағы бесжылдыққа жоспарларымен де бөлісті: «Бесжылдыққа арналған тариф 2026 жылдың 1 қазанынан бастап жоспарланып отыр — бесжылдық бағдарлама. Қазір ол Табиғи монополияларды реттеу комитетінде қаралып жатыр. Алдын ала болжам бойынша, орташа өсім шамамен 2 пайызды құрайды. Ал 5 жылдық орташа тариф 11-13 пайызға өседі. Бірақ нақты санды әзірге білмейміз, қазір КРЕМ оны қарастырып жатыр».
Айтжанов келтірілген сандар тек KEGOC тарифіне қатысты екенін, ал тұтынушылар үшін түпкілікті тарифті комитет бекітуі тиіс екенін атап өтті.


