АҚШ-та Атлантадан Далласқа ұшып бара жатқан жолаушылар ұшағында ноутбук тұтанып кетті. Экипаж мүшелері өртті дереу сөндірді, алайда бірнеше адам қолынан жарақат алды, деп хабарлайды infohub.kz.
Оқиға American Airlines әуекомпаниясының 2398 рейсінде, Атланта — Даллас бағытында орын алды. Ұшақ Даллас/Форт-Уэрт халықаралық әуежайына қонуға түсіп, жақындап келе жатқанда, салонның артқы бөлігінде жолаушылардың бірінің ноутбугі тұтанып кетті.
Өрт литий-ионды аккумулятордың қызып кетуінен пайда болды. Салон тез арада түтінге толды. Бортсеріктер тез әрекет етіп, жалынды сөндіріп, қатты қызған құрылғыны арнайы термозащиталық контейнерге салып, өрттің әрі қарай таралуына жол бермеді.
Оқиға салдарынан беске жуық жолаушы қолынан күйік алды — олар өртті сөндіруге көмектесуге тырысқан немесе жалын көзіне жақын болған. Экипаж командирі диспетчерлерге түтінденгенін хабарлап, ұшақ сәтті қонып, өздігінен гейтке дейін жетті.
Жерде ұшақты жедел жәрдем қызметтері мен дәрігерлер бригадасы күтіп тұрды. Зардап шеккендерге медициналық көмек тікелей әуежайда көрсетілді. Әуекомпания экипажды өртті жою кезіндегі кәсібилігі үшін алғыс білдірді.


