Ақтөбе облысында ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерінің басшысы бюджеттен 91 млн теңгеден астам субсидияны алаяқтық жолмен алып, кінәлі деп танылды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

NUR.KZ Бас прокуратураға сілтеме жасап хабарлауынша, субсидияларды заңсыз алу фактілерін Мартөк ауданының прокуратурасы бюджет қаражатының мақсатты және тиімді жұмсалуын тексеру барысында анықтаған. Сөз ерекше ірі мөлшердегі алаяқтық туралы болып отыр.

Қадағалау органының ресми Telegram-арнасында былай делінген: «"Томирис-2019", "Мартөк-2030" және "Теңге-2030" ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерінің басшысы 2023–2025 жылдар аралығында баю мақсатында көрінеу жалған мәліметтер енгізу арқылы субсидияларды алаяқтық жолмен заңсыз алып, мемлекетке 91 млн теңгеден астам шығын келтіргені анықталды».

Осы факті бойынша аудан прокуратурасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша қылмыстық іс тіркеді. Әйел сотқа берілді.

Мартөк аудандық сотының үкімімен ол кінәлі деп танылды. Оған 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырылды. Сотталған әйелдің кәмелетке толмаған балалары болуына байланысты жазаны өтеу кейінге шегерілді.