Астанада қазақстандық жеке компания «Alatau Advance Air Group Ltd.» қытайлық серіктесі – электрлік тік ұшып-қону әуе таксиін (eVTOL) шығаратын AutoFlight компаниясымен бірлесіп әуе таксидің алғашқы демонстрациялық ұшуын өткізді, деп хабарлайды infohub.kz.
Көрсетілімде AutoFlight Prosperity үлгісіндегі eVTOL аппараты қолданылды. Ол бір ұшқыш пен бес жолаушыға есептелген. Аппараттың максималды жылдамдығы сағатына 200 км-ге жетеді, ал ұшу қашықтығы 200 км-ге дейін жетеді.
Қауіпсіздік талаптарын сақтау мақсатында демонстрациялық ұшу жолаушысыз өтті.
«Астанадағы әуе таксидің демонстрациялық ұшуы – бұл жеке шара емес, Қазақстанда қалалық әуе мобильділігін енгізу бойынша жүйелі жұмыстың бір бөлігі... Демо-ұшулар саланы жаңа технологияларды практикалық енгізуге кезең-кезеңмен дайындауға мүмкіндік береді», – деді жеке компания «Alatau Advance Air Group Ltd.» бас директоры Сергей Хегай.
Демонстрациялық ұшудан кейін AutoFlight Prosperity әуе таксиі Астанада өтетін «Болашақ Ойындары 2026» халықаралық турнирінің экспонаттарының біріне айналады. 29 және 30 шілдеде аппарат «Барыс Арена» маңындағы ашық экспозицияда көрсетіледі.
Бұған дейін Алматыдан Қонаевқа дейінгі әуе такси рейсінің құны 32 мың теңгені құрауы мүмкін екендігі хабарланған болатын.


