Астанада қалалық автобуста жолаушы әйелге тиіскен 33 жастағы ер адам ұсталып, 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Бұл туралы infohub.kz сайты хабарлайды.
Бірнеше күн бұрын елорда тұрғыны әлеуметтік желіде қоғамдық көліктегі жыныстық тиісу оқиғасы туралы жазған. Қыздың айтуынша, ер адам оған қол тигізуге рұқсат еткен.
Астана қалалық полиция департаментінің Instagram парақшасында хабарлағандай, қоғамдық көлік жолаушысына қатысты құқыққа қарсы әрекет жасаған 33 жастағы ер адам ұсталды. Ол құқық бұзу сәтінде алкогольдік масаң күйде болғаны атап өтілді.
«Ер адам автобуста отырып, жас қызға қол тигізгені анықталды. Жолаушы наразылық білдіріп, оған ескерту жасағаннан кейін ер адам автобустан шығып кеткен», — деп нақтылады полицияда.
Тексеру барысында құқық бұзушының жеке басы анықталып, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Ер адам ұсақ бұзақылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен ол 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды», — деп қосты полиция департаментінде.
Полицейлер қоғамдық орындардағы кез келген құқыққа қарсы әрекетке жол берілмейтінін ескертеді.


