Астанадағы перинаталдық орталықта қайғылы жағдай орын алды: егіз көтерген қала тұрғыны екі баласынан да айырылды. Осы оқиғаға байланысты қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Болған жағдайды әйелдің туыстары баяндады. Threads әлеуметтік желісіндегі ainarozyyeva пайдаланушысы егжей-тегжейлі жазба жариялап, оқиғаның хронологиясын сипаттады. Оның айтуынша, «біздің Әселіміз егіз көтерген еді. Өкінішке қарай, алтыншы айда біреуінен айырылдық. Өлі ұрықпен босануға дейін жетуге болады деп сендірді, бірақ бірнеше аптадан кейін оның іші ауыра бастады. Терісі алдымен қызғылт, кейін көк түске айналды. Өкінішке қарай, сурет жоқ. Біз дабыл қаға бастадық, бала шіріп жатыр ғой, тірісін құтқару керек, бірақ жоқ. Алдымен оны дерматологқа жіберді, кейін антибиотиктермен емдеді, талдаулар шегіне жеткенде, №6 емхана портал арқылы оны осы қарғыс атқан перзентханаға жіберді. Талдаулар алына бастады, олар шынымен сыни деңгейде еді, бірақ «кесарь» жасауға немесе одан әрі асқынудың алдын алуға ешкім ниет білдірмеді. Үш күн! Үш күн оны осындай қорқынышты талдаулармен ұстады».

Жарияланым авторының айтуынша, шұғыл ота жасау туралы шешім жүкті әйелдің туыстары iKomek-ке жүгінгеннен кейін ғана қабылданған. «Ота сәтті өтті. Өлі баланы плацентаға тигізбей, ол (дәрігер — Ред.) алып шықты. Екінші бала 31 аптада дүниеге келіп, салмағы 1600 кг болды. Дені сау, тіпті жылады. Ота жасаған дәрігер кәсіби түрде істеді, бала мықты деді. Бірақ, өкінішке қарай, ол бір күн ғана өмір сүрді. Себебі сепсис. Түсінесіздер ме? Сепсис! Әрине, сепсис. Тірі және өлі баланы сонша уақыт бірге ұстаса! Емхана да, аурухана да бейшара әйелдің психикалық жағдайына мән бермеді. Біз жүгірдік, сұрадық, тырыстық, шағымдандық, бірақ жауап үнсіздік және осы аурухананың патология бөлімінің м.а. (меңгерушісі — Ред.) тарапынан келеке қатынас болды. Бүгін ағам екі ұлын жерлейді, ал олардың анасы ауруханада жатып, бәрінен шаршағанын жазып отыр. Біз ол үшін қорқамыз, осы ауруханада әлі босанатын басқа әйелдер үшін қорқамыз! Денсаулық сақтау министрлігінен осы аурухананы тексеруді сұраймын! Қазір оған онда ешқандай психологиялық қолдау көрсетілмейді, ал ол онда ұзақ жатуы керек. Осындай қайғы болғанда, қайда жүгіріп, кімнен көмек сұрауды білмейсің, бәрі адамдық болуы үшін», — деп жазды астаналық әйел.

Жарияланымға Астана әкімдігінің қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жауап берді. «Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы осы жағдай бойынша хабарлайды: ахуал басқарманың бақылауында. Қазіргі таңда пациент босанғаннан кейінгі бөлімде жатыр, қажетті ем мен медициналық бақылау алып жатыр. Аталған жағдай бойынша қызметтік тергеу жүргізілуде. Тергеу қорытындысы бойынша тиісті баға беріледі», — деді ведомствода.