Күлжа трактісінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жол қозғалысына шектеу енгізіледі, деп хабарлайды infohub.kz сайты елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
Яғни, 24 шілде сағат 20:00-ден 27 шілде сағат 08:00-ге дейін Бұхтарма көшесінен қала шекарасына дейінгі учаскеде жол төсемін орташа жөндеу аясында асфальтобетонның жоғарғы қабатын төсеуге байланысты кері бағыттағы қозғалыс ұйымдастырылады.
Жол қозғалысына қатысушыларды уақытша қолайсыздықтарды түсіністікпен қабылдап, уақытша жол белгілерінің талаптары мен жылдамдық режимін сақтауға сұраймыз.
Жөнделіп жатқан учаскеде ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты жазылған стендтер орнатылады. Өз бағытыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.


