Астана орталығында жол оқиғасы жергілікті тұрғын үшін жағымсыз жағдайға айналды: құдық қақпағына тап болған көлік қатты зақымданды. Бұл туралы көлік иесі Зарина Тажибаева Instagram парақшасында бейнежазба жариялап, хабарлады, деп жазады infohub.kz сайты.

«Мұндай жағдайға алғаш рет тап болып отырмын, сіздерді сақтандырғым келеді, ешкім де мұндайдан сақтанбаған. Біз өз жолағымызбен тыныш келе жатып, жабық люкке тап болып, осындай зардап шектік», — деді ол. Ол көліктің жақында ғана сатып алынғанын ерекше атап өтті.

Оқиғаға Астана қаласы әкімдігінің Қалалық мониторинг және жедел ден қою орталығы жауап берді. Онда былай делінген: «Жоғарыда аталған мекенжайда құдық бригада келгенге дейін жабылған болатын. Қазіргі таңда құдық жабық, қауіп төндірмейді, көлік қозғалысына кедергі келтірмейді». Материалдық шығынды өтеу мәселесі бойынша ведомство сотқа жүгінуге кеңес берді.

Астана полицейлері де оқиғаға өз бағасын берді. «LYNK-CO 900 маркалы көлік жүргізушісі Түркістан көшесімен келе жатып, құдық қақпағына тап болды. Люк қақпағының жылжуы (сырылуы) салдарынан көлікке механикалық зақым келтірілді», — деді полицияда. Онда оқиға фактісі белгіленген тәртіппен тіркеліп, процестік шешім қабылдау үшін тексеру шаралары жүргізіліп жатқанын қосты.