Астанада балаларды халықаралық футбол турниріне жіберу деген сылтаумен азаматтарды 24 миллион теңгеден астам сомаға алдаған ер адамға үкім шығарылды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Астана прокуратурасының мәліметінше, жас футболшылардың ата-аналарын балалары Испаниядағы турнирге «барлығы қосылған» тарифімен бара алады деп сендірген. Нәтижесінде қазақстандықтар сотталған адамға 24 миллион теңгеден астам қаражат берген. Іс бойынша барлығы тоғыз жәбірленуші өтіп жатыр.
«Турнирге қатысу, әуе билеттері, виза қызметтері, балаларды алып жүру және спорттық киім сатып алу үшін түрлі сылтаулармен ол жәбірленушілерден ақша алған. Шын мәнінде өзіне алған міндеттемелерін орындамай, ақшаны өз қалауынша жұмсаған», — деді қадағалау органында.
Сот үкімімен қылмыскерге 3 жыл 2 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар келтірілген шығын сотталған адамнан өндірілді.
Қала прокуратурасы ескертеді: балаларды шетелге спорттық жарыстарға жіберу кезінде ұйымдастырушылардың өкілеттігін, турнирге ресми шақырудың, келісімшарттардың, билеттердің және брондау растамасының бар-жоғын тексеру қажет. Ауызша уәделерге ғана сеніп, ірі сомаларды беруге болмайды.


