Астанада бейнебақылау камералары жас жігіттің аялдама павильонының шынысын сындырып, кейін маршруттық автобуспен кетіп қалғанын түсіріп алды. Бұзақыны анықтап, жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Астана қалалық полиция департаменті Instagram парақшасында мәлімдегендей, оқиға Бөгенбай батыр даңғылындағы аялдамалардың бірінде болған. Бұзақы 17 жастағы жасөспірім болып шықты.
«Кешкі уақытта жасөспірім аялдамада танысымен бірге тұрғаны анықталды. Ол жерден кетіп бара жатып, аялдама павильонының шынысына аяғымен соққы жасап, ол сынып кеткен. Содан кейін жасөспірім досымен бірге маршруттық автобусқа отырып, оқиға орнынан кетіп қалды», — деп сипаттады оқиғаны полицияда.
Жігіт ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны атап өтілді. Іс материалдары сотқа жіберілді.
Алматы полиция департаментінде аялдама павильондары мен қалалық инфрақұрылымның басқа да нысандарын бүлдіру құқық бұзушылық екенін және заңнамада көзделген жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салды.


