15-17 қазан аралығында Қазақстан астанасы жүзуден әлем кубогының кезеңін — World Aquatics Swimming World Cup Astana 2026-ны алғаш рет қабылдайды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Биыл Халықаралық жүзу федерациясы (World Aquatics) әлем кубогының бірыңғай бағыты аясында Еуразияның үш қаласын — Баку, Ташкент және Астананы біріктірді. Серия Silk Road Tour деп аталды. Серияның ашылуы 1-3 қазанда Бакуде өтеді, екінші кезең 8-10 қазанда Ташкентте, ал турнир 15-17 қазанда Астанада мәреге жетеді.
Астанадағы кезең бағдарламасында — 34 жеке дисциплина: ерлер мен әйелдер арасында 17-ден. Сондай-ақ спортшылар ерлер, әйелдер және аралас эстафеталарда сынға түседі.
Стартқа әлемнің жетекші жүзушілері, оның ішінде олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері, әлем чемпионаттарының медаль иегерлері және қазіргі әлем рекордшылары шығады.
Барлығы Silk Road Tour-дың үш кезеңіне 50-ден астам елден 750-ден аса спортшы қатысады деп күтілуде. Серияның жалпы жүлде қоры әлемдік рекордтар мен басқа да жетістіктер үшін бонустарды қоспағанда, 1,2 млн АҚШ долларын құрайды.


