
- 11 сәу. 2025 00:04
- 57
Астанада журналист Лұқпан Ахмедьяров ұсталды
Астанада журналист Лұқпан Ахмедьяров ұсталды.Оған жалған ақпарат тарату бойынша іс қозғалды
Белгілі журналист Лұқпан Ахмедьяров Астанада құқық қорғау органдарының назарына ілікті. Ол Instagram желісінде тікелей эфирге шығып, өзін полиция тоқтатқанын және үстінен қылмыстық іс қозғалғанын көпшілікке хабарлап үлгерді.
Астана қалалық полиция департаменті аталған жайтты растады. Ведомство мәліметінше, журналистке қатысты Қылмыстық кодекстің 274-бабы, яғни "Көрінеу жалған ақпарат тарату" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.
Тергеу органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Әзірге ресми орындар тарапынан тергеудің нақты себебі мен қандай мәліметтерге қатысты іс қозғалғаны жайлы толық ақпарат берілмеген.
Ахмедьяров — елдегі өткір әлеуметтік мәселелерді көтеріп жүрген танымал журналист. Бұл оқиға қоғам назарын аударып, әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр.