Қазақстандық аралас жекпе-жек (ММА) шебері Асу Алмабаев Real American Freestyle (RAF) еркін күрес лигасындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Спортшы Кливлендте өткен RAF 12 турнирінде өнер көрсетті. Оның жеңіл салмақтағы (66 келіге дейін) қарсыласы америкалық Джонни Диджулиус болды. Кездесу мерзімінен бұрын аяқталды: 88 секунд ішінде АҚШ өкілі он ұпайлық басымдыққа жетті — 10:0. Осылайша, Диджулиустың RAF-та екі жеңісі және екі жеңілісі бар.
Алмабаев болса лигадағы алғашқы кездесуін жеңіліспен бастады. 30 тамызда қазақстандық бразилиялық джиу-джитсуге маманданған ACB JJ ұйымында дебют жасайды. Онда Алмабаев тәжікстандық Халим Назрулоевпен титулдық жекпе-жек өткізеді.
RAF 12-нің басты жекпе-жегінде UFC-дің бұрынғы чемпиондары америкалық Генри Сехудо мен грузин Мераб Двалишвили кездесті. АҚШ өкілі 36 секундта жеңіске жетіп, RAF Crossover белбеуін иеленді.


