Сырым жиырма алты жасында бір жолдасымен Нұралы ханның үйіне барса, Қараман тана Малайсарымен сөйлесіп отыр екен.
— Балалар, аман ба? — депті де, елемей өздері сөйлесе беріпті. Сырым жолдасына дауыстап:
— Жүр, кетейік, бұлар бізді адам деп отырған жоқ қой! — дейді.
Малайсары жалт қарап:
— Ата тұрып ұл сөйлегеннен без, Ана тұрып қыз сөйлегеннен без. Сырнайдай сарнаған мына бала кім еді? -— дейді.
— Ата тұрып ұл сөйлесе, ер жеткені болар,Ана тұрып қыз сөйлесе, бойжеткені болар,— дейді Сырым.
— Сен толған екенсің, мен тозған екенмін,— деп Малайсары сонда Сырымды қасына шақырған екен.
Ата тұрып ұл сөйлесе ер жеткені болар
Сырым жиырма алты жасында бір жолдасымен Нұралы ханның үйіне барса, Қараман тана Малайсарымен сөйлесіп отыр екен. — Балалар, аман ба? — депті де, елемей өздері сөйлес...
← АртқаДереккөз: bilim-all.kz

