Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Ауаның ластануы денсаулыққа қалай әсер етеді

Корнель университетінің зерттеушілерінің қорытындысы бойынша әлемдегі өлім-жітімнің қырық пайызы ауа, су, топырақ ластануының кесірінен болады екен. Атмосфераға шығарылған улы заттар жыл сайын үш миллионға жуық адамды өлтіреді. Атмосфералық ауаның ластануынан болатын өлім-жітімнің негізгілері — қатерлі ісік, туа біткен патология және адам ағзасының иммундық жүйесі жұмысының бұзылуы.

Ауаны ластайтын заттар адамның денсаулығына әртүрлі әсер ете отырып, түрлі ауруларды тудырады. Мысалы, жану өнімдері (дизель қозғалтқышының сұйытылған газы)  бар ауамен дем алу, (тіпті қысқа уақыт ішінде болсын) жүректің ишемиялық ауруын алу қаупін арттырады.

Өнеркәсіптік кәсіпорындар мен автокөліктер ерте өлім қаупін арттыратын қара түтін мен жасыл-сары диоксиді бөліп шығарады. Тіпті атмосферадағы осы заттардың салыстырмалы түрдегі төмен концентрациясы қырық жасқа дейінгі өлімнің 4-тен 22 пайызына себепші болады. Автомобиль көліктерінің түтінімен, сондай-ақ көмір жағатын кәсіпорындардың шығарындыларымен ауаға қан ұйығыштығының жоғарлауына және қанайналым жүйесінде тромбтардың пайда болуына әкеп соғатын ұсақ лас бөлшектер таралады. Ластанған ауа қан қысымының жоғарлауының бірден-бір себепшісі. Атмосфераның ластануы қан қысымының деңгейін бақылайтын жүйке жүйесіне әсер етіп, оның өзгеруіне себеп болады. Ірі қалаларда емдеуге жатқызуға тура келіп жататын жағдайлардың шамамен бес пайызы дәл осы ауаның ластануына байланысты орын алады.

Ірі өнеркәсіптік қалаларды қалың тұман — тұмша (смог) басады. Бұл ауаның өте қатты ластануы, яғни түтін мен газ қалдықтары немесе улы газдар мен жоғары концентрациялы аэрозольдер қоспасы бар қалың тұман. Бұл құбылыс әдетте желсіз, тынық ауа райында байқалады. Бұл адам денсаулығына зиян келтіретіндіктен, ірі қалалардың күрделі мәселесіне айналған. Әсіресе балалар мен ағзасы әлсіз, жүрек-қантамыр, сонымен қатар, тыныс алу жүйесінің ауруларымен ауыратын қарт адамдар үшін қауіпті. Ол тыныс алудың қиындауына, ауыр жағдайда тіпті оның тоқтауына себеп болуы мүмкін. Шырышты қабықтың қабынуын тудырады. Ауадағы зиянды заттардың жерге жақын шоғырлануы таңертеңгі кезде байқалады, ал күндіз ауаның жоғары ағынының әсерінен жоғары қарай көтеріледі. Бронх демікпесі ауаның ластануымен тікелей байланысты.

Ауаның ластануы даму кемістігі бар балалардың туу ықтималдығын арттырады. Атмосферадағы зиянды заттардың мөлшерден тыс концентрациясы ерте босануға, жаңа туған нәрестелердің салмағының аз болуына, кейде тіпті нәрестелердің өлі тууына сепепші болады. Егер жүкті әйел озон концентрациясы мен көміртегінің жоғары концентрациясы бар ауамен дем алса, әсіресе жүктіліктің екінші айында, оның қоянжырық, жырық таңдай, жүрек қақпақшасының ақаулары сияқты дамуында ақауы бар баланы туу ықтималдығы үш есе артады.

Оқуға кеңес береміз:

Ауаның ластануы денсаулыққа қалай әсер етеді

Қолқа демікпесі және себептері

Ауаның ластануы денсаулыққа қалай әсер етеді

PM2.5 бөлшектері деген не?


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама