19 қыркүйек, сенбі күні Жапонияда ХХ жазғы Азия ойындарының ресми ашылу рәсімі өтеді. Ал жарыс бағдарламасы салтанатты рәсімге дейін басталады — қазақстандық әйелдер гандбол құрамасы ойынға шығады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Ашылу рәсімі Астана уақытымен 14:00-де басталады. Ол Нагоядағы «Палома Мидзухо» стадионында өтеді. Қазақстан құрамасының ту ұстаушылары — дзюдошы Елдос Сметов пен үстел теннисі ойыншысы Сарвиноз Миркадирова.

Күннің жарыс бағдарламасы ашылу рәсіміне дейін аяқталады. Сенбіде қазақстандық әйелдер гандбол құрамасы ойынды бастайды. Турнир жеті команданың қатысуымен айналмалы жүйеде өтеді.

Гандбол. Әйелдер. 06:00. Қазақстан — Қытай.

19 қыркүйектегі Қазақстан құрамасы қатыспайтын жарыстардың кестесі:

Текбол. 06:00. 1/2 финал (әйелдер). 06:30. 1/2 финал (әйелдер жұбы). 07:00. 1/2 финал (аралас жұп). 07:30. 1/2 финал (ерлер). 08:00. 1/2 финал (ерлер жұбы).

Баскетбол, әйелдер. Топтық кезең. 06:00. Тайланд — Қытай (А тобы).

Гандбол. Әйелдер. 06:00. Гонконг — Оңтүстік Корея. 08:00. Жапония — Вьетнам. Ерлер, топтық кезең. 08:30. Иран — Кувейт (В тобы).