Байқоңырда 40 жастағы жергілікті тұрғынға қатысты бес кәмелетке толмаған баласына қатыгездік жасады деген факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

«Байқоңыр» кешені прокуратурасының ресми Telegram-арнасында хабарланғандай, қадағалау органы Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 156-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша — ата-ананың кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамауы — қылмыстық істің қозғалуын заңды деп таныды.

«Анықталғанындай, 2026 жылдың басынан бастап күдікті бес кәмелетке толмаған баласының денсаулығына, рухани және адамгершілік дамуына қамқорлық жасауға, олардың негізгі орта білім алуын қамтамасыз етуге, оларды қоғамның лайықты мүшелері етіп тәрбиелеуге, тәрбие жұмысын тиісінше жүргізуге міндетті бола тұра, дене және психикалық денсаулығына зиян келтіруге құқығы жоқ бола тұра, тәрбие жүргізу барысында кәмелетке толмаған балаларына қатыгездік жасаған», — деді прокуратурада.

Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша жасалған қылмыстың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.