Қазақстандық продюсер әрі актриса Баян Алағұзова «КешYOU» тобының 20 жылдығына арналған концерт Астанада өтетінін хабарлады. Ол сондай-ақ шоуда салют болатыны туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды infohub.kz.
Концерт 19 қыркүйекте «Барыс Арена» алаңында өтеді. Продюсердің айтуынша, шоу бағдарламасы 40 пайызға жаңартылған, көрермендерді жаңа тосынсыйлар күтіп тұр.
Продюсер шоуда салют болатынына да жауап берді. Еске салайық, Канье Уэсттің Алматыдағы өнерінен кейін Баян Алағұзова бірқатар резонанстық жазба жариялаған еді. Ол «КешYOU» тобының Алматыдағы стадиондағы концертінде оларға салют беруге рұқсат етілмегенін, ал YE-ге рұқсат етілгенін айтқан. «Өкінішке қарай, салют болмайды, себебі біріншіден, рұқсат етілмейді, екіншіден, бұл — жабық ғимарат, «Барыс Арена». Бірақ, менің ойымша, «КешYOU»-дың 25 жылдығында салют туралы келісе аламыз. 5 жылдан кейін келіңіздер. Салютсыз да бұл мен уәде еткендей әлемдік деңгейдегі шоу болады», — деді ол.
Сондай-ақ, «КешYOU» тобының «алтын құрамының» Алматыдағы мерейтойлық концертте қайта бірігуі қазнетті жарып жібергенін жазған болатынбыз.


