Шымкенттің «БИИК-Шымкент» әйелдер футбол клубы 2026 жылғы Қазақстан әйелдер лигасының жеңімпазы атанды. Осылайша команда титул саны бойынша рекордты жаңартты, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Тұрақты чемпионатта шымкенттік қыздар 16 ойында жеңіске жетіп, бір рет қана ұтылды. Жалпы доп айырмасы 135:5 болды. Осы нәтиже «БИИК-Шымкентке» А конференциясында бірінші орынды иеленіп, плей-оффқа шығуға мүмкіндік берді.

Жартылай финалда шымкенттіктер астаналық «Жеңісті» 5:0 есебімен тізе бүктірді. Шешуші матчта тағы бір ірі жеңіске қол жеткізілді — түркістандық «Тұранды» 3:0 есебімен ұтты.

Осылайша «БИИК-Шымкент» 14-ші рет Қазақстан чемпионы атанды. Команда өткен маусымда «Ақтөбенің» иеленген титулын қайтарып алды.

«Тұран» чемпионатты күміс медальмен аяқтады. Қола жүлде үшінші орын үшін матчта «Жеңісті» 2:0 есебімен жеңген «Ақтөбе» футболшыларына бұйырды.

Маусымның үздік мергені «Ақтөбенің» қазақстандық шабуылшысы Алина Литвиненко болды, ол 49 доп соқты. Ең көп голдық пас оның командаласы — жапондық жартылай қорғаушы Аяка Камимураның еншісінде (20).