- 05 нау. 2024 00:56
- 333
«Білімділер» зияткерлер сайысы
«Білімділер» зияткерлер сайысы 7 - 8 сынып оқушылары арасында
Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын, математика пәніне қызығушылығын арттыру, алдағы сынақтарға алдын - ала дайындау. Оқушыларды ұйымшылдыққа,
жауапкершілікке, өзін - өзі тәрбиелеуге баулу.
Көрнекілігі: презентация, безендірілген зал.
І жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, Ұстаздар!
Айтар ойын тұспалдар.
Сіз оқытқан оқушылардың
Сәті келді сыналар.
ІІ жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, оқушылар!
Нақты ғылымдарға қызығушылар.
Естігенін есте тұтып,
Оқығанын миға тоқушылар.
І жүргізуші Қайырлы күн, білім сүйер қауым! «Эрудит» зияткерлік сайысымызға қош келдіңіздер!
«Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы» деп ұлы ғалым Гаусс бекер айтпағаны белгілі. Осы нақыл сөзді бүгінгі іс - шарамыздың ұраны ретінде алып сабағымызды бастайық.
ІІ жүргізуші Бүгін математикалық іс - шара 7 - 8 сынып оқушылары арасында өтеді. Оқушылар 2 топқа бөлінген. Ортаға І топ: «???», ІІ топ: «????» топ сайыскерлерін ортаға шақыра
І жүргізуші Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді, - дей отырып сайыскерлеріміздің білімін сынайтын және өздерінің әділ бағаларын беретін әділ - қазылар алқасымен таныстырып өтейін.
(Әділ - қазылармен таныстырады)
ІІ жүргізуші Шын жүйрік шабысынан табылады
Нақты білім терең ой сыналады.
деп сайысымыздың өтілу тәртібімен таныстырайық
1. Таныстыру сәті
2. Бәйге.
3. Ғажайып алаң.
/Ұяшық таңдау /
4. Кім тапқыр?
5. Математика мақал - мәтелде
6. Математика жұмбақта.
7. Математика халық есептерінде
8. Қорытынды.
І жүргізуші Келесі кезекте таныстыру сәті
І топ «???» тобы.
Ұраны:
Сәлемдесуі: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
Алға қойған мақсатымыз бір екен.
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.
ІІ топ. «????» тобы.
Ұраны: Сәлемдесуі: Қиындықтан сірә да біз қашпаймыз,
Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.
Қияларға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.
ІІ жүргізуші Есепті түрлі - түрлі шығарамыз,
Арасында ойын ойнап жарысамыз
Ойға оралымды қиын сұрақ бәрі де бар
Әзіл есепті де жүзеге асырамыз.
ІІ Бәйге
Келесі кезеңімізді бастайық, Бұл кезең бәйге деп аталады. Бұл кезеңде сұрақтар оқылады, жауабын білген топ қолын көтеріп жауап береді. Сұрақтарға дұрыс жауап 1 ұпайдан есептеледі.
1. Қандай санның кез - келген дәрежесі сол санның өзіне тең? (1)
2. 2 мен 3 - тің арасына қандай таңба қойғанда 2 - ден үлкен, 3 - тен кіші сан шығады? (үтір)
3. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын
арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)
4. Қатар тұрған 3 санның қосындысы да көбейтіндісі де 6 - ға тең. Бұл қандай сандар? (1, 2, 3)
5. Санның жүзден бір бөлігі (пайыз)
6. Жанұяда 2 ұл және әр ұлдың 2 әпкесі, 1әкесі бар. Әр қыздың бір анасы бар. Жанұяда барлығы қанша адам бар? (2ұл, 2 қыз, 1 әкесі, 1 анасы - 6 адам)
7. Отырардан шыққан ұлы ойшыл, данышпан, ғалым математик. (Әл - Фараби)
8. Геометрияның негізін қалаған математик. (Евклид)
9. Ұшақ Зайсаннан Алматыға дейін 1сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80 минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінуге болады? (1сағат 20 минут = 80 минут)
10. Әріпті өрнектің алдындағы сандық көбейткіш қалай аталады? (Коэффициент)
11. Айқасқан екі таяқ тұрады жоқты сұрап. (х)
12. Күшіне сенген бір мықты, жығып алып сегізді барайын қайда дегізді? (шексіздік)
13. 25 пайыз жай бөлшекпен, ондық бөлшекпен қалай аталады?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.