Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик АҚШ ашық чемпионатының жұптық жарысында жеңіспен бастады, деп хабарлайды infohub.kz.
Қытайлық Цзюнчэн Шанмен бірге қазақстандық теннисші бірінші айналымда аргентиналық Себастьян Баэс пен мажарстандық Фабиан Марожанмен кездесті. Матч небәрі екі сетке созылып, 6:2, 6:4 есебімен Бублик пен Шанның пайдасына аяқталды.
Спортшылар кортта 56 минут өткізіп, бір эйс жасады, қосарланған қателік жібермеді және үш брейк-пойнтты пайдаланды.
Екінші айналымда Бублик пен Шан жаңа зеландиялық Финн Рейнольдс пен Джеймс Уотттың, сондай-ақ аргентиналық Гидо Андреосси мен француз Мануэль Гинардың жұбының жеңімпазымен кездеседі. Бұл жұп жетінші нөмірлі болып тұр.
Сондай-ақ, US Open жұптық жарысында қазақстандық Андрей Голубев пен Александр Недовесов дуэті де өнер көрсетеді.
Еске салайық, бұған дейін Бублик жеке сында үшінші айналымда америкалық Томми Полдан жеңіліп, жарысты аяқтаған еді.


