Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 10 сағат бұрын)
Бүкіл дүниенің түзелуі

Бір апталық жұмыс күнінен қажыған адам жексенбінің таңында қолына газет алып шаршағанын басып, күні бойы үйде отыруды ұйғарады. Дәл осыны ойлап отырғанында баласы жүгіріп келіп паркке қашан баратынын сұрайды. Әкесі оған демалыс күні паркке алып баратына уәде берген болатын. Бірақ мүлдем сыртқа шығуға зауқы болмай бір сылтау іздейді. Кейін газет бетіндегі дүние жүзілік карта көзіне түседі. Картаны майдалап жыртып баласына «егер картаны құрасаң сені паркке алып барамын» деді де өзі іштей «жақсы құтылдым-ау, ең мықты география профессоры да кешке дейін құрай алмас» деп ойлады. Арада он минут уақыт өтісімен-ақ баласы жүгіріп келіп:

- «Әке картаны түзедім, енді барсақ болады»-деді.

Әкесі алдымен сенбей барып көреді. Көргенінде таң қалып қалай түзегенін сұрайды. Сонда бала былай деп жауап береді:

- Маған берген картаның артында бір адамның суреті бер еді. Адамды түзеткен кезімде, бүкіл дүние жүзі түзеліп шыға келді.

- !...

Қарап көріңіздер:

5 оқиға

Өсек туралы бірер сөз

Қандай сезім екен?

Бір стақан сүт


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама